Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет474/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
536 
біршама деректер жинады. Мысалы, элементарлық бөлшектердің атомға өтуі, 
соңғылардың молекулярлық деңгейге асуы т.с.с. Ал мұның өзі химиялық қозғалыс 
формасын Дүниеге әкеліп, оның екі - кристалдық және молекулярлық - бағыттағы 
дамуын тудырды. Ең соңғы химия ғылымының саласы - эволюциалық химия - «Ұлы 
мәртебелі Табиғатта» өздігінен пайда болып жатқан жаңа химиялық қосындыларды 
зерттейді. Яғни Табиғаттың өзі, адамның қатысуынсыз, бұрынғыдан да күрделенген 
химиялық қосындыларды тудырады екен. Ал енді осы Болмысты Дүниеге әкелген 
«Ұлы Жарылысқа» келсек, алғашында ол тек сутегінен ғана тұрған, содан кейін барып, 
басқа элементтер рет-ретімен Дүниеге келген (атомдық салмағына байланысты). 
Айтылған деректер Болмыстың шеңберіндегі өлі Табиғаттың да миллиардтаған 
жылдарда дамып, күрделенгенін көрсетеді. Жоғарыдағы көрсеткеніміздей, күрделену 
прогрестің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Олай болса, өлі Табиғат та прогрессивтік 
даму үрдісінде! 
Сонымен қатар Табиғатта ыдырау, регрессивтік үрдістер де Қатарынан жүреді. 
Оның негізгі факторы - термодинамиканың екінші бастамасы, ол жөнінде біз 
жоғарғы тарауларда айтқан болатынбыз (қараңыз: осы кітап, 42-43 б.б.). 
Енді кезек Дүниенің ең ғажабы - тірі Табиғатты талдауға келді. Әрбір адам 
ештеңені оқымай-ақ, өлі мен тіріні айыра алады. Бірақ тіріге анықтама беру - өте қиын 
шаруа. Кейбір студенттер: «Тірщілік
дегеніміз - тірі организмдер, өлі дегеніміз - ол тас», - 
деген «терең» анықтама береді. Ол «май дегеніміз - май» деумен бірдей. Бірақ май - 
сары, жұмсақ, қаймақтан корытылған т.с.с. емес пе? 
Уақытында Ф.Энгельс: «Тіршілік белоктың жағалай ортамен зат алмасуына түсіп 
өмір сүру тәсілі», - деген анықтама берген болатын. Онда келесі сұрақ пайда болады: 
Дүниедегі қай зат, я болмаса кұбылыс зат алмасуына түспейді? Физика-химиялық 
тұрғыдан келгенде, адам да, пешке жағылған ағаш та, оттегін айнала қоршаған ортадан 
қабылдап, сыртқа көмір кышқылын шығарады. Ал осы екеуінің арасындағы 
айырмашылық шексіз емес пе?! 
Екіншіден, тіршіліктің Дүниеге келуі зат және энергиямен қатар, информацияның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет