Нуржігіт Алтынбеков 541
Әрбір элемент белгілі бір жүйенің калыптасуына қатысады. Егер ол болмаса, онда
жүйе де қалыптаса алмайды. Элементтердің өзара байланысы мен іс-әрекеті жүйенің
жаңа - өз элементтерінін қосындыларына тең емес - қасиеттерін тудырады. Мысалы,
суды құрайтын сутегі мен оттегі бөлек-белек алсақ - жанғыш. Ал судың элементтері
ретінде біріккен кезде, керісінше, отты сөндіретін қасиетке ие болады.
Қайсыбір жүйе өзіне тән кұрылымнан тұрады. Құрылым деп жүйенің
элементтерінің арасындағы тұрақты байланыстары мен қарым-қатынасының
жиынтығы айтылады. Ал тұрақты байланыстар заңдылықтың негізінде жатқан жоқ
па? Олай болса құрылымды элементтердің заңдылықты байланыстары десек те
болады.
Дүниедегі сан қилы жүйелерді ең жалпы түрде екіге бөлуге болады. Оның бірі -
бейорганикалық, яғни өлі табиғаттағы кездесетін жүйелер. Оған мысал ретінде күн
жүйесін, неше түрлі химиялық қосындыларды, техникалық жуйелерді келтірсек те
жетеді. Олардың ерекшелігі - жүйе оны кұрайтын кұрамдас бөлшектеріне тәуелді.
Мысалы, күн жүйесін кұрайтын планеталардың біреуі болмағанда, жердің орбитасы
басқа болып, оның бетінде, мүмкін, өмір пайда болмаған да болар еді!
Екінші: органикалық жүйелерді алсақ, олар өзінің өте күрделілігімен, сонымен
қатар біртұтастықтың өзінің құрамдас бөлшектеріне қарағанда басымдылығының
арқасында өмір сүреді. Олар өз-өзін толықтырып, өзіндік даму дәрежесіне дейін
көтеріледі. Оған мысал ретінде кайсыбір тіршілікті алуға болады. Бейорганикалық
жүйелердің бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде карағанда, дербес болып,
өз-өздігімен өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің элементтері жүйеге
толығынан тәуелді. одан сырт қалса, өмір сүре алмайды. Мысалы, адамның бауыры
мен бүйрегі біртұтас организм жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін
тоқтатады. Тек қана организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнін кұрамдас
бөліктерімен қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.
Органикалық жүйелердің екінші керемет қасиеті - олардың ішкі даму