Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет486/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
548 
Әдебиетте бейсебептіліктің негізінде пайда болатын детерминация болуы мүмкін 
деген пікір бар (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Философия., Проспект, 1998, 403-
6.). Алайда мұндай пікірдің бізді мистикалық (құпиялық), иррационалдық (ақылға 
сыймайтын) бағытқа сілтейтін салдарын да ұмытпағанымыз жөн. 
Заттардың өзара әрекеті белгілі бір заңдылықтардың негізіңде
рет-ретімен іске 
асады, бұл да - детерминацияның ерекшеліктерінің бірі. 
Детерминизмге қарсы тұрған бағыт - индетерминизм (іn -косымша, лат., теріс 
мағына береді), яғни болмыстың өз себептілігін мойындамайды. Екінші бағыт (Д.Юм, 
И.Кант) себептілік тек біздің Дүниені қабылдауымыздың қасиеті ғана, ал шын өмірде 
ол жоқ деген пікір айтады. 
Үшінші бағыт (неокантиандық) табиғатта себептілік болуы мүмкін, бірақ адам 
ырқы оған көнбейді, өйткені ол - саналы пенде, оның еріктілігі мен жауапкершілігі 
бар. Жалпы алғанда, рухтың дамуын себептілік арқылы түсіну мүмкін емес деген ой 
айтады. 
Детерминизм категориясын толыққанды зерттеу тек кана себептілікті талдаумен 
тең емес. Сонымен қатар «заң», «заңдылық», «мүмкіндік пен шындық», қажеттілік 
пен кездейсоқтық», «еріктік пен тәуелділік» т.с.с. ұғымдарды пайдаланып қана оны 
жете түсінуге болады. Енді соған кірісейік. 
«Себеп пен салдар» - детерминизм категорияларының негізгілеріне жатады. Себеп 
деп зат, я болмаса құбылыстардың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі 
қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар 
деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса кұбылысты 
айтамыз. Мысалы, студент пен оқытушының қарым-қатынасының негізінде тек қана 
студент емес, сонымен қатар оқытушы да өзгереді. Микроәлемдегі электрон мен 
позитронның өзара байланысы екеуінің де жоғалып, екі фотонға айналуына әкеледі. 
Себеп салдарды зат, энергия, ақпараттық ықпал арқылы іске асырады. Екінші бір 
ескеретін нәрсе - себеп пен салдар уақыттың шеңберінде болғаннан кейін, олар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет