Нуржігіт Алтынбеков 546
қайшылықты бірлікте, даму үрдісінде бір-біріне өтуі мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең
тиімді даму урдісі жүреді.
Мазмұн мен форманың арақатынасын талдауда екі бір-біріне қарсы пікір бар.
Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас форманың белсенділігі.
Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас - мазмұнның
бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың мазмұны басқалармен өне бойы
байланыста болғаннан кейін өзгеріске ұшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға
сыймай, оны өзгертеді, жаңа пайда болған форма мазмұнның әрі қарай дамуына
жағдай туғызады.
Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен қатар қоғам
өмірінде саналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа формаларды тудырып,
мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп
отыр. Экономика саласындағы жаңа меншік формаларын өмірге енгізу шаруашылық
үрдістердің күрт дамуына жағдай жасады. Муниципалдық, зейнеткерлік реформалар
жаңа формаларды енгізу арқылы жүруде, соның арқасында бұл салаларда да үлкен
өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа формаларды енгізу, негізінен алғанда,
жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске асып жатыр.
Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, оның бәрі де қоғам өміріндегі
форманың белсенділігін, оның мазмұнға қарағанда алда жүретінін көрсетеді.
Сонымен қатар форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау формализм деген теріс
кұбылысты тудырады. Ол әсіресе басқару жүйесіндегі шен иелерінің кызметіне
байланысты. Ондай адамдарды халық «қағаздық жан» (бумажная душа) деп атайды.
Олар мәселені мазмұнына қарап шешудің орнына неше түрлі ұсақ-түйекке арқа
сүйеп, тежейді.
Реформа барысындағы көп өзгерістер өмірге жаңа заңдар, формаларды енгізумен
байланысты екенін жоғарыда көрсеттік. Бірақ, сонымен қатар барлық енгізілген
жаңалықтар жақсылыққа әкелді деп айту да қиын. Мысалы, бұрынғы совхоздар