Нуржігіт Алтынбеков 568
Реализм өзінің жалғасын Орта ғасырлардағы схоластика ағымында тапты. Бірақ
олар рухани күштің басымдылығын Құдай идеясынан іздеді.
Жаңа дәуірдегі Декарттың философиясында реализм бағыты ашық дуализмге
айналады. Өйткен себебі, Декарт екі бір-біріне тәуелсіз субстанцияны ~ дене мен
жанды мойындайды. Мұндай қайшылықты шешу жолында ол оларды бір-бірімен
біріктіретін Құдайды мойындауға мәжбүр болды. Құдай – мәңгілік Абсолютті
субстанция, ал дене мен жан субстанцияларына келсек, оларды жаратқан - сол
Қүдайдың өзі.
Декарттың философиясын қанағат тұтпай, голландык ойшыл Б.Спиноза монистік
реализм бағытын тудырады. Оның ойынша, бір ғана субстанция бар - ол Құдай,
немесе Табиғат - шексіз субстанция. Ал дене мен жанға келер болсақ, олар осы
субстанцияның негізгі атрибуттары, яғни қасиеттері. Сонымен тағы да Аристотельге
қайтып оралғандай болдық. Бірақ «материя» мен «форманың» орнына «созылу» мен
«ойлау» принциптері келеді. Осындай көзқарасқа сәйкес, енді материя мен формадан
тұратын жеке зат субстанция емес, ол - жоғарыдағы шексіз қасиеттердің шектелген
көрінісі - модустары ғана. Өйткені созылған заттың шегі бар, ол кеңістіктің шектелуі
деген сөз, қабылдау болғаннан кейін, ойлаудың да шектелуіне әкеледі.
Сонымен реализм бағытында пайда болған «материя мен форма» категориялары,
«дене мен жанға», соңында «созылу мен ойлауға» ауысты.
XX ғ. ұлы философы П.Т. де Шарденді де реалистік бағыттың үлкен тұлғасы ретінде
қарауға болады. Оның ойынша, жаратылған Дүниенің екі күш-куаты бар: бір жағынан,
ол тангенциалдық, яғни физикалық энергия болатын болса, екінші - осы Дүниені
біріктіріп даму жолына итеретін радиалдық, яғни психикалық, рухани күш. Адамзат
тарихының Дүниеге келген сатысынан бастап радиалдық рухани күш толығынан
ашылып, адамның саналы іс-әрекеті арқылы Жаратылған Дүниені әрі карай жетілдіріп,
болашақта Жер бетінде ноосфераның қалыптасуына әкеледі - дейді ұлы ойшыл
(қараңыз: П.Т. де Шарден. Феномен человека. М., Прогресс, 1988 ж.)
Қорыта келе, реализм бағытының бүгінгі таңдағы философиядағы болашағының