Нуржігіт Алтынбеков 701
деген махаббаты әр-түрлі болғаннан кейін, олардың ішкі өмірінде шаттықпен қатар
абыржу, достық пен жек көру, таңғалу мен менсінбеу т.с.с. қайшылықтар пайда
болып, ақырында сүйіспеншілік алғашқы биологиялық негіздеріне қайтып оралады.
Енді бұл салада болған XX ғ. ахуалды талдауға уақыт келген сияқты. Ол,
негізінен алғанда, екі төңкерістің болуына байланысты. Оның біріншісі -
патриархалдық қатынастардың әлсіреп, әйелдердің белсенді түрде қоғам өміріне
атсалысып, өз бостандығын алуында болса керек. Мұны жыныстық саладағы
демократиялық революция десек те болады. Әдебиетте биархаттық (би -екі, архе -
билік) деп те атайды. Өйткені тәні, жанымен де әртүрлі ер мен әйелдің әлеуметтік
теңдігі бірте-бірте орнап жатыр. Әрине, бұл үрдіс нәзіктік пен ізгілікті өмірде
көбейтетіні сөзсіз. Оны жақсылық деп бағалауымыз керек.
Екінші төңкеріс - ғылыми-техникалық революцияның негізінде өндіргіш
күштердің орасан зор дамуының арқасындағы батыс елдеріндегі «тұтыну қоғамының»
орнауы. Адамдардың өмір құндылығына жайлы өмір, пайда табу, ләззат алу т.с.с.
айналуы. Егер көне гректер ләззат дегеніміз - зардабтың жоқтығы деп есептесе, бүгінгі
дамыған елдерде ләззат алуды мейлінше көбейту өмір мақсатына айналды. Осындай
тәндік-сезімдік өмір бағыты махаббатты да ерекше тұтынуға болатын тауарға
айналдырды.
Бұл үрдіске өз үлесін қосқан З.Фрейд болды. Ол адам психикасының өзегінде
ақыл-ой, парасат емес, бейсаналық, ал соңғының өзегінде жыныстық күш-қуат –Libido -
жатыр деген пікірге келіп, бүкіл мәдениет саласы дегеніміз - сол жыныстық
импульстерді ауыздықтауға бағытталған құбылыс деген пікір айтты.
Г.Маркузе осы идеяларды әрі қарай дамытып, адамды езетін, оларды бір-бірінен
алыстатып жаттандыратын жалғыз ғана мәдениет формалары емес, сонымен қатар
экономикалық үстемдік, адамды адамның қанауы дегенді айтты. Адамнын зардап
шегуі, ауруы, оның шығармашылық мүмкіндіктерінің сарқылуы, көңіл күйінің
жүдеуі, өмірге тұрпайы тұлыну тұрғысынан ғана қарауы т.с.с. себептері жыныстық
және экономикалық репрессиялармен байланысты. Сондықтан бүгінгі таңдағы