Нуржігіт Алтынбеков 700
керектігін айтады. Шынайы сүйіспеншілік жетілуге қарай ұмтылдырады.
Ал В.Шеллингке келер болсақ, ол сүйіспеншілікті ғарыштық тұрғыдан қарап, оны
дүниежүзілік Абсолюттің іс-әрекетінің негізгі қағидасына айналдырады. Сондықтан
қоғам өмірінде әр адам өз сүйіктісін тауып, ең жоғарғы тепе-теңдікте бір-бірімен
қосылады. «Сүю дегеніміз сүйіктіні тілеу ғана емес, сонымен бірге өзін соған кұрбан
етуге дайын болу», - деп қорытады ұлы ойшыл.
Бұл мәселеге өз үлесін қосқан ұлы Г.Гегель де болды. Оның ойынша, шынайы
сүйіспеншіліктің мәні - өзіндік санаңнан бас тартып, өзіңді басқаның «менінде»
ұмытып, сонымен қатар осы жоғалту мен ұмытуда өз-өзіңді алғаш қайтадан тауып,
өзіңмен болу. Біздің ойымызша, мұндай сүйіспеншілік махаббатың ең биік шыңы болса
керек.
Л.Фейербах: «Адамға деген сүйіспеншілік адамның ең жоғарғы да бірінші заңы
болуға тиіс», - деген тамаша ой айтады. Сүйіспеншіліктің негізін ер мен әйелдің бір-
біріне деген жыныс тартуынан көреді. Сонымен қатар ол неше түрлі рухани,
моральдық, эстетикалық сезімдермен безендіріледі. Сондықтан адамның бір-біріне
деген сүйіспеншілігін ол діндік дәрежеге көтеру керектігін айтады.
А.Шопенгауердің ойынша, дүниежүзілік Ырық сүйіспеншілік арқылы адамдардың
ұрпақ жалғасын қамтамасыз етеді. «Ал неше түрлі ғашықтық сезімдерге келер болсақ,
олар табиғаттың жасаған адамдар ұсталып қалатын торы ғана», - дейді ойшыл.
Сүйіспеншілік Дүниежүзілік Ырықтың өз болмысын қамдайды. Ол, жалпы алғанда,
өмір мен билікке деген сүйіспеншілікті құрап, оның көрінісі адам махаббатында қол
астындағы болмысты аттап өтуге, сүйген адамды жеңіп, көндіруге деген іңкәрлікті
тудырады. «Сонымен сүйіспеншілік өмірлік шығармашылыққа әкеліп, бұрынғы
өмірді терістейді, олай болса, ол өлімнің табалдырығына әкеледі», - деп қорытады
ойшыл өз ойларын.
Ф.Ницше ер мен әйел махаббатын бір-біріне қарсы қояды. Егер ер: «Мен
сүйемін!» - деп өзін бақытты сезінсе, әйел: «Мені сүйеді», — деп шаттанады.
Сондықтан ер билеп-төстеуге ұмтылады да, әйел көнуді тілейді. Екі жақтың бір-біріне