Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет635/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
702 
адамзатқа қанаудың барлық түрлерінен «Ұлы бас тарту» қажет. Ол үшін ең алдымен 
«жыныстық (сексуалдық) революция», «жаңа сезімталдық», «жаңа эстетикалық өмір 
көрінісін» тәрбиелеу қажет деген анархистік ұранды алға тартады. Оның ойынша, 
сонда ғана «шығармашылық Эрос пен ләззаттық», шынайы «еркіндік пен қиял», 
«махаббат пен әсемдік» жер бетінде орнайды. Мұндай идеялар Батыс қоғамында
әсіресе студенттер қауымында, XX ғ. 60 жж. нағыз тұрпайы шын өмірдегі «жыныстық 
революцияға» әкелді. Тәндік-сезімдік ләззат алуға бағытталған, рухани өмірі жүдеген 
қоғамда басқа нәтиже болу мүмкін еместі. Газет пен журналдардың беттерінде
теледидар экрандарында жыныстық ләззат алуға арналған мақалалар, фильмдер 
қойылып, бұл «революцияны» күшейте түсті. Соның салдарынан жастар арасында 
«топтық секс» (3-4 адам бірігіп жасалатын), «біржыныстық секс» (ердің ермен, 
әйелдін әйелмен), «садистік секс» (ұрып-соғумен жүретін), «бейби секс» 
(балалармен), «анимал секс» (жануарлармен), «сериалық секс» (күнде жаңа адаммен) 
кеңінен тарады. Жыныстық сезімнің физиологиялық жағы нағыз адами - рухани-
эстетикалық - жағынан ажыратылып, адамның жануарлық-табиғи жақтары тұрпайы 
тұтынудың кұралына айналды. Орта ғасырдағы ойшылдардың «адам рухани пенде 
ретінде Құдайға парапар, ал дене ретінде - жануардан да төмен дәрежеге түсуі мүмкін» 
деген болжамдары расталған сияқты болды. 
Өкінішке қарай, қоғамды қайта жаңарту барысында, біздің елге де жыныстық 
революцияның «жетістіктері» орасан зор мөлшерде батыстың тұрпайы мәдениет 
туындылары арқылы ағылып келіп жатыр. Телекомпаниялар пайда табудың «тиімді» 
құралына кенелді, ал «батысшылардың» ойынша, батыс цивилизациясы бүкіладамзат 
алдында келе жатқаннан кейін (олар оған күмәнданбайды), оның көрсеткен жолын 
қайталамасқа болмайды. Бүгінгі таңдағы жезөкшелік, зорлық-зомбылық, қылмыс т.с.с. 
теріс құбылыстардың тез қарқынмен елімізде өсуінің бірден-бір себебі батыс тұрпайы 
мәдениетінің ықпалы болса керек. Ол өз руханиятымызды жүнге түскен күйе сияқты 
құртуда. 
Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, сүйіспеншілік деп адам мен адамды бір-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет