Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет639/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
706 
бір қарағанда байқалмайтын үрдістерді аша алады. 
Осы сәтте біз кейбір ауқатты әлеуметтік топтар, біршама жастар арасында кең 
тараған өмірлік бағдарлауға тоқталсақ дейміз. Ол - тек болашақты ойлап өмір сүрсең, 
соңында көрдің алдына келесің. Сондықтан казір және тап осы жерде өмірден ләззат 
ала біл деген соңғы жылдары пайда болған қағида. Мұндай қағиданың пайда 
болуының негізінде біршама себептер жатыр. 
Біріншіден, бұрынғы Кеңес қоғамының шеңберіндегі «болашақ коммунизм» 
жөніндегі идеология жалғандығының әшкереленуі. 
Екіншіден, Батыс «бұқара мәдениетінің» тұрпайы туындыларының тигізген және 
қазіргі уақытқа дейін тигізіп жатқан әсері. 
Үшіншіден, тарихи кезеңнің ерекшелігіне байланысты кейбір адамдардың тез 
арада баюы, жеңіл жолмен келген ақша буының әсері дер едік. 
Әрине, өмірдің әр сәтін бағалап, тиімді пайдалану керек. Сонымен қатар 
болашағын ойламаған адам жаз айында бір гүлден екіншісіне қонып, күздің келетінін 
байқамайтын көбелекке ұқсар еді. Екінші жағынан, мұндай өмірге деген көзқарас 
адамның саналы пенде ретіндегі абыройы мен ар-намысын аяққа басады дер едік. 
Өйткені қай ел болашақ ұрпақтарын ойламайды? Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі 
таңдағы ең өзекті мәселе - тоталитарлық қоғам кезінде ластанған жер, су, ауаны 
тазарту болмақ. Болашақ ұрпақтар радиация, тұзды ауызсу, түтін ауаның не екенін 
тарихи фильмдерден ғана көрсе екен деп тілейік. Екіншіден, кең түрде алынған ұлттық 
дәстүрді болашақ ұрпақтарға жеткізу мәселесі. «Болашақта ұлттық мәдениет түрлері 
қоғам өмірінің сыртқы шеңберіне ысырылып, мұражай экспонаттарына айналады да, 
батыс «масс-медиа» жасаған бұқараға арналған туындылар үстем болады», -деген 
«батысшылардың» қара пейіл болжамдары іске аспауы керек. Ол үшін жас ұрпақ 
білімді, өмірге белсенді қатысатын, өз мәдениетін қорғай алатын нағыз отаншыл 
азамат болуы тиіс. 
Отанын сұйген азамат білімі мен мәдени дәрежесі өскен сайын бүкіладамзаттың 
жетістіктеріне қуанып, сәтсіздігіне ренжиді, өз халқының өмірінің адамзат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет