Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет641/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

 
 


Нуржігіт Алтынбеков 
709 
XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы 
§ 1. Адам ұғымы 
Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең 
алдымен - рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен 
айырмашылығы - шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды 
Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр. 
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі -адам мәселесі. 
Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс 
танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы 
Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан 
кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, 
адамды, тудырады екен. 
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан 
анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - «Homo Sapiens» - саналы 
адам, яғни ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, 
соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен 
сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, 
қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. 
Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға атсалысқан 
Д.Франклин адамға «Ноmо Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. 
Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланады. 
Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. 
Бірақ содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. 
Бірде-бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келстін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей 
алатын - тек қана адам. 
Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon
Politicon» - қоғами жануар деген 
болатын. Ол да - адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет