Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет646/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
714 
айтады. Философиялық тілде оны антропосоциогенез деген ұғыммен береді. Бұл 
үрдістің шын мәні биологиялық қозғалыс формасынан әлеуметтікке секіріс арқылы 
өту болатын-ды. 
Миллиардтаған жылдар бойғы даму барысында жер бетінде тіршіліктің 
миллиондаған дамыған формалары бір-біріне тығыз байланысты түрде дүниеге келіп, 
өзінің ең биік мәресіне — «ақылды жануарларға» дейін жетті. Оларға маймыл, ит, піл, 
жылқы, дельфин т.с.с. жануарларды жатқызуға болады. Олардың кейбіреуі өз даму 
барысында нақтылы түрде ойлау жасап (қателесу арқылы), өз өмір шеңберінде 
бірдемеге үйрену, қоршаған ортаға ыңғайлы түрде бейімделу мүмкіндіктеріне жетеді. 
Зоологиялық күшке негізделген үйірлік өмір сүру түрі дүниеге келеді. Бұл 
биологиялық өмір сүру тәсілінің жеткен ең биік шыңдары еді: оның шеңберінде әрі 
қарай жетілудің мүмкіндері толығынан сарқылып біткен болатын. 
Енді әрі қарай жетілу үшін әлеуметтік және дүниені идеалды түрде бейнелей 
алатын сана, рухтың дүниеге келуі қажет болды. Міне, мұндай мүмкіншілік 
табиғаттың күрт өзгеруімен байланысты өмірге келді. Жер бетінде ауа райы өзгеріп, ну 
ормандар сиреп, ақырында маймылдар жер бетіне түсуге мәжбүр болды. 
Нәтижесінде, олар артқы екі аяғына тұрып, алдыңғы аяқтарымен жердегі жатқан кепкен 
бұтақты, тасты т.с.с. алып пайдаланды. Бірте-бірте маймылдың алдыңғы аяқтары 
адамның қолына ұқсас бола бастады. 
Бұл өзгерудегі шешуші нәрсе - еңбек құралдарын жасап, оларды өне бойы 
пайдалануда еді. Өйткені «Бірде-бір маймыл ешқашанда бірде-бір еңбек құралын 
жасап көрген жок», - дейді Ф.Энгельс. 
Енді теориялық тұрғыдан сонау көне заманда болған осы үрдісті талдап 
көрелік. Ең қарапайым тасты тасқа ұру арқылы жасалған «ашель кескішін» алсақ, 
оны жасау үшін ең қажет нәрсе -оның тұрпайы формасын өне бойы есте сақтау 
қажеттігі. Екіншіден, өзеннің жағасында көп жүріп, соған ұқсас тасты тауып алу. Содан 
кейін ол тасты екінші таспен соғып, өңдеу керек. Ол аса ұқыптылықты талап етіп
оның назарын дамытады. Егер ол тасты ақырындап соқса, ол өңделмейді, қатты соқса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет