Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет644/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   640   641   642   643   644   645   646   647   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
712 
анықтамаларды жалғастыруға болады. Мысалы, адам, «күле алатын», «жылай 
алатын», «өлетінін білетін» т.с.с. пенде. Бірақ У.Оккамның ұстарасы: «Мән-мағынаны 
қажеттіліктен тыс көбейту керек емес», - дейді. Олай болса, жоғарыда көрсетілген 
адамның касиеттеріне негізделе отырып, оған біршама көлемді анықтама беруге 
мүмкіндік келген сияқты. Адам - санасы арқылы Дүниені танып-білетін, соның 
нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, өзара бірігіп, айнала қоршаған ортаны өзгертіп, 
сан алуан қажеттіліктерін өтей алатын пенде дер едік. Ал жоғарыда көрсетілген 
және басқа да адамдардың сан алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға 
болады. 
§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі 
Адамнын Дүниеге келу мәселесі ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі. Біз 
оны Дүние, болмыстың өзінің пайда болу мәселесі мен жалпы тіршіліктің жер 
бетіне келуімен парапар келетін мәселе дер едік. Осы аталған үш тұңғиықтың 
біреуіне тереңдеп көрелік. 
Философия тарихында мыңдаған жылдар бойы кең таралған теологиялык 
тұжырым адамды Құдайдың жаратқан пендесі ретінде түсінеді. Христиан діні тіпті 
адамды Құдай өз бейнесіне ұқсастырып жаратты деген тұжырым айтады. Сондықтан 
онын санасы, рухы бар және сол себепті ол табиғаттың әміршісі болуы керек дейді. 
Әрине, соңғы қағида адамның тәкаппарлығы мен өркекіректігін тудыруы ғажап емес. 
Бүгінгі Еуро-Атлантикалық цивилизацияға көз жіберсек, ол - соның дәлелі болмақ. 
Ислам діні Алла тағала адамды саналы етіп жаратқанмен, осы фәниде басқа 
тіршіліктердің арасынан өз орнын табуға шақырады, Ол оған табиғат әміршісі бол 
демейді. 
Буддизмге келер болсақ, ол адамды тек қана рух ретінде түсініп, олай болса, 
материалдық құндылықтардан үзілді-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені рух - 
материядан жоғары. 
Әрине, адам жөніндегі теологиялық көзқарасқа осы уақытқа дейін миллиондаған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   640   641   642   643   644   645   646   647   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет