Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет643/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
711 
Сонымен рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер 
бетінде адамдар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың 
күшіктері бір-бірімен ойнап, өз табиғи инстинктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте 
олар тоқталады. 
«Ноmо Еrесtus» - тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мазмұны бар 
екенін байқаймыз. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, 
оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз
ғажапқа -ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналады. Адам өз 
қолдарымен 2000-нан артық әртүрлі нәрселерді жасайды екен (микроскоп арқылы 
көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін!!!). Бірде-бір 
жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Егерде жер бетіндегі адамдардың 
бәрі де жойылып, тек бір ғана адамның қол сүйегі қалса, соған карап. Ғарыштан 
ұшып келген саналы пенделер осы жер бетінде ақыл-ойдың, рухтың болғанын байқар 
еді!!! Өйткені адамның қолы -рухтың дүниеге келу барысындағы сонымен бірге 
қалыптасқан туындысы. 
Француз ойшылы Э.Кассирер адамға «Ноmо Sіmbоlісus» -нышан, белгі жасайтын 
адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, символға қайсыбір халықтың 
тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше түрлі өмірдегі 
кездесетін белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл 
кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. 
жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, 
мысалдардың т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. 
Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал Сизиф болса 
нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сүлу - мөлдір махаббаттың 
символдары ретінде көрінеді. 
Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген 
анықтама берген болатын. 
Адам сондай күрделі, сан қилы пенде болғаннан кейін, оған беруге болатын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет