Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет656/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   652   653   654   655   656   657   658   659   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
724 
тыныс алу, козғалу, киім, баспана т.с.с.) жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) 
қажеттіліктер. Екінші -экзистенциалдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге 
дегенсенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін коршаған 
адамдардың тұрақтылығы т.с.с.). Үшінші - әлеуметтік қажеттіліктер (басқа 
адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу). 
Төртінші — престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек 
сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші - рухани 
қажеттіліктер - шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру. 
А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғарғылар әлі де 
болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіліктер өз күшін жойып, адамды жоғарғы 
қажеттіліктерді игеруге итермелейді. Егерде төменгі қажеттіліктерді өтеу қоғамның 
даму деңгейіне байланысты қиын мәселеге айналса, ол адам өмірінің негізгі мән-
мағынасына айналуы мүмкін. Бүгінгі таңда қаншама адам «нан табу» мәселесінің 
шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны тарихи қалыптасқан қоғам өмірінің кемшілігі 
ретінде қарау жөн болар. 
Сонымен өмірдің ең биік мән-мағынасы шығармашылық сатыға көтеріліп, өз 
қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, 
қанағаттану болмақ. Ондай адамға тән нәрселер: 
өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау; 
басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау; 
басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, 
өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау; 
өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейде игеру; 
өне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу; 
мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық 
пен түрсіздікті айыра білу; 
қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; 
т.с.с. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   652   653   654   655   656   657   658   659   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет