Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет655/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
723 
Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы 
кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол - 
заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде. Ол неше түрлі рухани 
құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар оларды жойып, тіпті 
өзін жойып жіберетін кездер де болады. Ең соңында, адам - өз-өзін бақылап, баға беріп, 
өзімен өмір мен өлім жөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз 
табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір 
сүруім керек?», «қалай өмір сүруім керек?» деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. 
Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл 
қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді. 
Адам өмірінің мән-мағынасы - ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. Өмір 
өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни бұл 
адамзаттың өзіне қойған «мәңгілік» сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы 
ойшылы Л.Н.Толстой: «Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен 
сыйыспай, күресіп жатқан сияқты», - дейді. Бір «мен»: «Мен ғана нағыз өмір сүріп 
жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан бүкіл 
дүниенің мән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында», - дейді. Екінші «мен»: 
«Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде 
жаман ба, ол оны білгісі де келмейді», - дейді. Бұл өмір сүруге қорқыныш сезімін 
әкеледі»,- деп қорытады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі 
қайшылықтардан тұрады. Біршама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, 
инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді (жақсы, я жаман болсын) жасауымыз 
ғажап емес... 
Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әртүрлі қажеттіліктерін өтейді. 
Жалғыз ғана дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мән-мағынасын 
құрай алмайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген адамның қажеттіліктері тұр. 
Уақытында американ ғалымы А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғары 
көтерілетін тізбесін жасаған болатын. Ең төменгі басты физиологиялық (тамақтану, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет