Нуржігіт Алтынбеков 726
екінші - табиғи дарынын ашудан, үшінші -сүйген адамы үшін өмір сүруден т.с.с. көруі
мүмкін.
В.Франклдің ойынша, жалпылай келе, өмірлік мән-мағынаны үлкен үш топқа
бөлуге болады. Оның ең биігі - шығармашылық кұндылықтарға жету, яғни тарихта
бұрын-соңды болмаған жаңаны тудыру. Ол үшін, әрине, табиғи дарыннан тыс, сол
саланы толығынан игеріп, шыңына жету керек. Ол, негізінен, элитарлық топтарға тән
нәрсе.
Бірақ, кең түрде алғанда, шығармашылық - адамның тектік касиеті. Сондықтан әр
адам өзінше шығармашылық сатысына көтеріледі. Мысалы, талай жылдар гүл өсіріп,
осы істі сүйетін адам күндердін бір күнінде гүлдің бір жаңа түрін тудырмай
қоймайды. Киім тоқитын көп балалы әйел журналдағы көп өрнектерді игереді де,
күндердің бір күнінде өз өрнегін ойлап шығаруы мүмкін. Бәлкім, ол өрнек модалар
журналында басылмас, бірақ ол шығармашылық деңгейге көтерілді емес пе?! Егер
қайсыбір нәрсені бұрынғыдай емес, жаңа жолмен, әдіспен жасасаңыз, ол да
шығармашылықтың нышаны болмай ма?
Көп жағдайда өз өміріңнін мән-мағынасын жоғалтып алмас үшін, белгілі бір
алдыңа койған мақсатқа жете алмасаң, соған деген көзқарасыңды өзгертсең болғаны.
Оны В.Франкл «құндылықтарға деген көзқарас» деген ұғыммен береді. Ондай ахуал
қарапайым адамдардың арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі. Мысалы,
құндыздан тігілген қымбат киімді армандап, сол себепті дұрыс ұйықтай алмай,
жүйкесі тозып жүрген сүлу бикеш өз көзқарасын өзгертіп, Джина Лолобриджида
секілді осы кұндылыққа деген өз көзқарасын өзгертсе (аңның терісінен киім кию -
соларды өз қолыңмен өлтіргенмен тең), я болмаса үнді халқының тудырған «еш
тіршілікті зәбірлемеу» философиясын қабылдап, басқа материалдан тігілген киім алса,
мәселе сол сәтте-ақ шешілер еді.
Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкінуі,
түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдың
тәлкегіне түскен кезде ол өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, түңілуі мүмкін. Ондай