Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Саттва - ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге біліммен бақыт әкеледі.  Раджас



Pdf көрінісі
бет66/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Саттва - ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге біліммен бақыт әкеледі. 
Раджас - құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді. 
Тамас - жайбаракаттық пен жалқаулықты, үйқы мен миғұлалықты көрсетеді. 
Үнді материалистерінің ойынша, пракритидің бұл 3 гуны бір-бірімен күресте 
болады. Егер раджас пен тамас жеңілсе, онда саттва үлкейеді. Раджас пен саттва 
жеңілсе, онда тамас ұлғаяды. Тамас пен саттва жеңілсе, раджас күшейеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
73 
Саттва ұлғайған адам өлгенде таза әлемге жетеді. 
Раджас ұлғайған адам өлгенде, ол тағы карманың шеңберінде туады. 
Тамас үлғайған адам өлгенде, олар адасқандардың ішінде қайта дүниеге келеді. 
«Саттваға тұрақтылар жоғарыға бағыттайды, раджасқа ортада қалады, тамасқа 
- төменге, қараңғыға кетеді». 
Үнді философиясында чарвака бағытының қағидалары қарапайым адамдардың 
арасында кең тарағанға ұқсайды. 
"Осы өмірде бақытты болуға тырысайьқ! 
Өлмейтіндер бұл өмірде жоқ екен. 
Ол өлген сәтте күлге айналады. 
Қалайша, ол бұл өмірге тағы келеді. 
Олай болса чарвактар өмірдің мәнін байлық пен ләззат алудан көрген, олар о 
дүниені мойындамаған. 
Дүниеге құмарту, одан ләззат алудан ол бізге зардап әкеледі деп неге қашамыз? 
Біз өмірден ләззат алып, зардаптан құлылуымызға болады. Ол балықты ұстап алып 
етін жеп, сүйегін лақтырып, күрішті қабығымен алып, оны тазалап жеген сияқты 
деген пікір айтады. 
Чарвактар әсіресе брахман дініне қарсы шығып, о дүние, жұмақ, тозақ ұғымдары 
адамдарды қорқытып, сондай көзқарасты тарату арқылы өзін асырап жүрген, ақылы 
мен еңбекқорлығы жоқ адамдардың айласы деген пікір айтады. 
«Егер құрбандыққа шалынған жануар аспанға аттанса, 
Онда соны жасаған адам өзінің әкесін неге шалмайды?» 
«Бұл өмірде ойнап күл де, қарызға алсаң да іхид іш (іхид -шараптың бір түрі). 
Ертең-ақ күлге айналғанда, қайта өмірге келесің бе? Егер денеден кеткен басқа 
әлемге аттанса, онда ол өзі сүйетіндерге неге қайта оралмайды?» - деген өткір 
сұрақтар қойып, өз заманындағы брахмандармен күрескен. 
Үнді философиясында Дүниенің негізін екі бастамадан -пракрити (материя)
және пурушадан (жан) шығармақ болған ағымды да кездестіруге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет