Нуржігіт Алтынбеков 84
көрсетіп, Зенон оларды бір-біріне айдап салу арқылы елді сол тиранның билігінен
құтқарғанын айтады.
Ал енді Зенонның философиялық көзқарастарына келетін болсақ, ол Дүниенің
болмысын мойындаған, бірақ кеңістікті жоқ деп есептеген. Дүниедегі болмыстың
табиғаты жылы мен суық, дымқыл мен құрғақтың қосындыларынан тұрады.
Адамның өзі жерден, ал оның жан дүниесі жоғарғы көрсетілген 4 элементтің тең
қосындыларынан тұрады деп есептеген.
Зенонның еңбектерінің негізгі жақтары - Парменидтің көзқарасын жақтау
жолындағы кептік пен қозғалыстың жоқтығы жөніндегі дәлелдемелері.
Белгілі бір пәрсе қозғалыста болып, шыққан жерінен басқа нүктеге жетуі керек.
Бірақ ол мүмкін емес, олай болса дұрыс емес. «Неге?» «Өйткені зат алдағы нүктеге
жету үішін анықтықтың жартысын өту керек, ол үшін — жартының жартысын т.с.с.
шексіздікке кете береді. Олай болса, зат қозғалмайды, бір орнында қала береді» дейді
Зенон.
Екінші дихотомия (грек сөзі, қақ бөлу деген мағына береді) — «Ахилл». Жүйрік
Ахилл ете баяу қозғалатын тасбақаға жете алмайды. Оның дәлелдемесін жоғарыда
көрсеткенбіз.
Үшіншісі - «Оқ». Садақтан атылған оқ тұрақты, қозғалмайды. Өйткені әрбір
уақыттың сәттісінде атылған оқ белгілі кеңістікте тұрақты орын алады. Келесі сәтте
келесі кеңістікте тұрақтайды. Ал тұрақтаулардың қосындысы тұрақтылықты береді.
Олай болса, атылған оқ козғалмайды.
Зенонның көптікті теріске шығаруға арналған дәлелдемелері де қызықты.
Көпшілік көп бірліктерден тұрады, бірақ ол мүмкін емес. «Егер Дүние көп болса,
онда қажетті түрде, олардың саны өздеріне тең. Бірақ олар шексіздікке кетеді, өйткені
екі дүниенің ортасына тағы бір дүниені, олардың екі ортасында тағы да екі дүниені
орналастыруға болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана
бар, ал көптік жоқ».