Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет674/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
743 
мен адамзат арасында қайшылықтар пайда болуда. Мысалы, Бразилия тез қарқьшмен 
дамып, Сельвадағы (ну орман) құнды ағаштарды қырқып, босаған жерлерге кофе 
плантацияларын отырғызып жатыр. Ал атмосфераға оттегін беретін -мұхит пен теңіз, 
Сібір мен Сельвадағы ну ормандар. Яғни ол Бразилияға пайда әкелгенмен, 
бүкіладамзат мүддесіне қайшы келеді. Сол сияқты, Каспий теңізіндегі мұнайды 
Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттері аса тез қарқынмен игеруде. Ал 
Каспийдің мұнайдан тыс биологиялық байлығы 500 млрд. доллардан асады. 
Сондықтан Каспийдің табиғи байлығын құртып алу үрейі осы арада тұрып жатқан 
халықтарды алаңдатуда. 
Соңғы жылдары бірнеше бүкіладамзаттық деңгейге көтерілген ғылыми 
конференциялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буэнос-Айрес) өтіп, жақсы шешімдер 
жасалды. 
Бірақ, 
өкінішке 
қарай, 
олар 
орындалмауда. 
Мысалы, 
Киото 
конференциясында анықталған атмосфераға шығаратын улы лас түтіннің мөлшерін 
қысқарту шешімін АҚШ - көш басындағы дамыған ел - орындамай отыр. «Ол біздің 
ұлттық мүддемізге қайшы келеді», - дейді олар. Мұндай жағдайда экологиялық 
мәселелерді шешу қиын шаруаға айналмақ. 
Табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтарды шешу жолында қоғамдық санада, 
негізінен, екі пікір қалыптасты. Біреуі -сциентистік (ғылыми), екіншісі - 
антисциентистік, гуманитарлық бағыттар. 
Сциентистік бағыттың өкілдері - бүгінгі адамзат ғылым мен техниканың 
дамуының алғашкы сатысын ғана бастан кешуде. Жас кезінде неше түрлі бала 
ауруларынан өтіп есейген адам сияқты, болашақта неше түрлі экологиялық 
қайшылықтардан өтіп, адамзат сол ғылым мен техниканың дамыған сатысында барлық 
мәселелерді шешуге мүмкіндік алады, сондықтан экологиялық үрейлерден қорықпау 
керек деген оптимистік өміршеңдік пікір ұстауда. 
Екінші антисциентистік бағыт - барлық экологиялық қайшылықтардың түп-
тамырын ғылым мен техниканың дамуынан көріп, оларды құмыраның ішінен шығып 
кетіп, адамның өзіне, бүкіл тіршілікке үрей туғызып отырған жынға теңейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет