Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет675/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
744 
Сондықтан олар жаңа өндіріс кешендерін салуды дереу тоқтату керек, өйткені 
тіршілік әлемі оның қысымын әрі қарай көтере алмайды деген пікір айтады. 
Бұл пікірлердің сыңаржақтығын, бір қарағанда, байқауға болатын сияқты. 
Біріншіден, ғылыми-техникалық революцияны тоқтату мүмкін емес, оның өз 
объективті даму заңдылықтары бар. Керісінше айту - адамдардың шығармашылық 
еңбегін токыратуға тең, онда адамдардың өмірінің мән-мағынасы, оның басқа тірші-
ліктерден негізгі ерекшелігі жойылар еді. Екінші жағынан, жаңа ғана дамып келе 
жатқан елдерге өндіріс кешендерін салмаңдар деу олардың мәңгі артта қалуымен тең 
бағаланып, практикалық түрде үлкен қайшылықтар тудырып, ондай шешімдерге ешбір 
ел құлақ салмас еді. 
Біздің ойымызша, шындық осы екі пікірдің ортасында болса керек. Қазіргі 
дамыған бай елдердің тәжірибесі энергияны аз қабылдайтын, экологиялық таза 
технологияларды өмірге енгізіп, көп мәселелерді шешуге болатынын дәлелдеп отыр. 
Алайда біз мынаны ұмыт қылмауымыз керек. Қазіргі дамыған елдер, практикалық 
түрде, көп экологиялық зияндықтары бар шикізат өндірісін жаңа ғана дамып келе 
жатқан елдердің үлесіне еткізіп, өздері аса биік технологиялық дәрежеге көтерілген 
өндірісті ұстап отыр. Сондықтан олардың өндіретін заттары басқаларға қарағанда 
ондаған есе қымбат. Тағы бір естен шығармайтын нәрсе - байлықтың күрт өсуіне 
байланысты тұтыну қоғамы пайда болып, тойымсыздыққа, соның негізінде 
бақталастыққа жол ашылды. Егер осы жолмен барлық елдер дамыса, онда адамзат 
тіршіліктің ішіне кіріп, соны құртып жатқан қатерлі ісікке айналады. 
Бұл айтылған ойлардан шығатын бірауыз сөз - ол қазіргі адамзаттың рухани 
тоқыраудан тезірек шығу қажеттігі, Батыс технократизмі мен сциентизмінің 
болашағының жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің 
шешілмейтіндігі болса керек.. 
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің тарихи тәжірибесі қазіргі 
адамзатқа ауадай қажет сияқты. Қазақ санасында «қанағат» ұғымы үлкен орын алады. 
Өмір бағытына келер болсақ, онда «алудан» гөрі бабаларымыз «болуды» биік ұстаған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет