Нуржігіт Алтынбеков
140
айтуынша, «жан-дүниенің күнәлікке
батуы бұзылған денеден емес, керісінше,
бұзылған, күнәға батқан жан-дүние денені ауырлатып бүлдіреді. Бұл пікірге
толығынан қосылуға болатын сияқты.
Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
Дүниедегі зұлымдықтың түп-тамыры адамның
еркінде болғаннан кейін,
Августин оны егжей-тегжейлі талдап, еріктің тұрақсыздығын көрсетеді. «Ол мен
едім, оны тілеген, сонымен бірге одан бас тартқан. Сонымен өз-өзіммен күресіп,
өз-өзімді тырнадым»,
- дейді ойшыл.
Сократ уақытында: «Адамның зұлымдылыққа баруы
- оның білмегенінде», - деген
тұжырымға келген болатын.
Алайда адамдарды толғандыратын нәрсе - ол білім мен еріктің бір-бірінен
алшақтығы. Жаксылық пен жамандықтың не
екенін біле тұра, соңғыға ұмтылу --
адамдардың өмірінде жиі кездесетін құбылыс.
Августин бұл мәселеге «коперникандық төңкеріс» жасап, «бостандық - ақыл-ойдың
емес, еріктің касиеті» деген пікірге келеді.
Ерік - ақыл-ойдың басқаша көрінісі. Ақыл-ойдың кабылдайтынынан ерік бас
тартады.
Ақыл-ой танып-біледі, ерік - таңдайды және оның таңдауы көбіне ақылға
сыймайды.
Алғашқы тектік күнә - ол
адамның тәкаппарлығынан шықты, ерік ауытқып,
Құдай талабына сай келмеді. Адамның кеудесінде бос ұлылық пайда болып,
менмендікке әкеледі, содан кейін тек өзін ғана мадақтап, өзін ғана сүйеді.
Августин: «Адамның еркі сонда ғана шынайы, егер ол зұлымдыққа бармаса», -
дейді. Ондай талап адамға алдын ала қойылған болатын. Бірақ ол Құдайдың талабын
бұзды, ал оның өзі оның еркін әлсіретті.
Сондықтан бірде-бір адам тек өз күшімен, қанша тырысса да, күнәлік шеңберден
шыға алмайды, өйткені ол өз-өзіне жеткілікті емес.
Оған әрқашанда Жаратушының