Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет116/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Мәнгілік пен уақыт мәселесі 
«Дүниені жаратпастан бұрын Құдай-тағала не істеді?» - деген сұрақ Августинді 
үлкен ойға қалдырды. Оның берген жауабы мынандай: 
«Бұл сұрақ мәнсіз, өйткені уақыт жаратылған дүниемен бірге берілген». 
Құдайдың өмірі – мәңгілік қазір, ол қайсыбір болашақтан басым, өйткені 
болашақ әрқашанда ертелі-кеш өткен шаққа айналады, ал «Сен болсаң сенің 
бүгінің – мәнгілік», - дейді Августин. 
Ал бұл Дүниедегі уақытты алатын болсақ, ол өткен, қазіргі және болашақтан 
тұрады. Өткен шақ - ол қазір жоқ, болашақ - ол әзір жоқ. Ал қазір егер өткен шаққа 
айналмаса, уақыттан мәңгілікке айналар еді. 
Августиннің ойынша, уақыт - рухани өмірдің өлшемі. Адам өз өмірін өткенге,
қазірге, болашаққа бөледі. Өткеннің қазірі -естегі нәрселер, қазірдің қазірі - ол 
ішкі , болашақтың қазірі - ол бір нәрсені күту, тосу, үміттену. 
Тек қана біздің жан-дүниеміз үміттенеді, еске түсіреді. Онын күткендерінің бәрі 
іс-әрекет арқылы Дүниеге келіп, содан кейін естелікке айналады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
139 
Зұлымдық және оның дүниедегі орны 
Августин бұл мәселені егжей-тегжейлі талдап, оның онтологиялық-
метафизикалық, моральдық және физикалық жақтарын қарастырады. 
Метафизикалық-онтологиялық тұрғыдан келгенде, Ғарышта ешқандай 
зұлымдык жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана бар (өлі табиғат, 
өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с. Кейбір тіршілікте болып жатқан зұлымдық сияқты 
нәрселер, шынына келгенде, бүкіл Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда 
көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, ұлы 
гармонияны байқаймыз, өйткені Дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине, 
шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі түрсіз деп баға 
береміз, ал оның негізінде адамның өзінің ғана мүддесі мен мақсаты жатыр. Ал 
Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан қарағанда, бұл Дүниеде әр жәндіктің, әр заттың 
өзінің болмыстық орны, мән-мағынасы бар. Олай болса, ол - дүниежүзілік 
гармонияның қажетті бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет