Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет130/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
155 
Екінші таным түрі мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден алыс, ол - ақыл-ой 
танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос түрақты 
мен текті алатын болсак, оларды түйсіктер арқылы кабылдай алмаймыз, бірақ оларды 
ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Аль-Кинди адамның 
дүниетану мүмкіншілігін мойындап, айнала қоршаған ортаны зерттеп, ғылымды 
дамытуға шақырады. 
Аль-Киндидің философиялық көзқарастарын әрі қарай дамытып, Аристотельдің 
еңбектерін араб тілінде аударып, оған көлемді түсініктер жасап және өзінің ерекше 
философиядағы ойларымен тарихта қалып, философия тарихында «Екінші мұғалім» 
атағын алған Әл-Фараби болды. 
Әл-Фараби (толық аты Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат Тюрки) 
Қазақстан жерінде, Отырар қаласында 870-950 жж. дүниеге келген. Жас кезінде білім 
іздеп, Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін 
меңгеріп, антикалық философияны зерттейді. 
Әл-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, өйткені ол, араб 
рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ 
халқының философы деп те атауға болады, өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, 
сонынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол 
кезде өмір сүрген бабаларымыздың дүниені түйсінуі мен дүниетанымын бойына жас 
кезінде сіңірген. 
Бірақ ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті дүниежүзілік 
философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді. 
Әл-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен «Ғылымдарды 
іріктеу жөнінде», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарасы жөнінде», «Азаматтық 
саясат», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жөнінде» деген 
еңбектерін атап өтуге болады. 
Онтологиялық (болмыстық) ілім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет