Нуржігіт Алтынбеков
157
тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән-мағынасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді.
Үшінші Барлықпен «Бірінші Аспанның» болмысы бітеді. Үшінші Барлық қажетті
түрде төртіншіні тудырады. Ол әлі материя емес.
Барлық қажетті түрде «қозғалмайтын жұлдыздар» әлем болмысын төртінші
тудырады.
Әл-Фараби оларды Сатурнның болмысынан бастайды. Ол Юпитерді тудырады,
содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары дүниеге келеді. Аспан
болмысы Аймен бітеді.
«Ай астындағы Болмыс», яғни біз өмір сүріп жаткан Дүние. Сонымен ол бірінші
«Бірінші Мәннің» тудырған Болмысы болып шықты. Бүл болмыстың ерекшелігі — ол
көптік әлемі, оның негізінде төрт табиғи нәрсе жатыр, ол: жер, от, су, ауа. Олардың
әртүрлі қосындылары жер бетіндегі заттарды тудырады. Тіршілік әлеміне келер
болсак, Әл-Фараби оны үшке бөледі - өсімдіктер, акыл-ойы жоқ жануарлар, ақылды
жануар (адам).
Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
«Бірінші Мән» - белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті
(ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (роtеntіа - лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды
(асt - лат. сөзі, шындық, іс-әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.
Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан дүниесінің
болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды
алатын болсақ, олардың мән-мағынасы, бітімінің танылатындығында жатыр.
Актуальды интеллектіге келер болсақ, Әл-Фараби ойынша, болмыстағы
заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда
өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану
процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен
жететін актуальды интеллектінің объектіне айналады.
Игерілген интеллектіге келер болсақ, ол жеке пенденің Дүниені, заттарды
|