Нуржігіт Алтынбеков
161
Біріншіден, ол
даналық дәрежеге жетуі керек, яғни барлык істі ақыл-ой
елегінен өткізіп, халықтың тарихи тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына,
адамгершілік
түсініктеріне сай келтіруі керек;
Екіншіден, ол
білімді адам болуы керек, өзінің есінде өткен тарихтағы заңдар,
әдет-ғұрып нормалары мен ережелерін жақсы білуі керек;
Үшіншіден, әрқашанда
тапқырлық көрсету керек, өйткені өмір өне бойы
өзгерісте, олай болса елдің алдында бұрын-соңды болмаған
жаңа ахуал пайда болып,
бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін жоққа шығаруы мүмкін. Сондай жағдайда өмірге
жаңаша қарап, шығармашылық тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет;
Төртіншіден,
аңғарғыш, көреген болу қажет. Ел басшысы тек бүгінгі күнді ғана
ойлап қоймай, болашақ ұрпақтардың өмірі қандай болмақ; негізгі мақсат халықтың
әл-ауқатын өсіру екенін естен шығармауы керек;
Бесіншіден, өзінің
сөзімен халықты елдің заңдарын бұлжытпай орындауға
бағыттау болмақ;
Алтыншыдан, Елбасының
денсаулығы, дене күші
жақсы болуы керек; ол оған
соғыс жүргізген кезде әсіресе қажет болады;
Әл-Фараби ел басшылығына лайықгы, осы көрсетілген қасиеттердің бәрі
бойында бар тұлғаның сирек кездесетінін атап өтеді. Сондықтан бұл қасиеттер екі
тұлғада жиналса, онда олар бірігіп басқарсын дейді. Ал екі адамның бойынан
табылмай, 4-5 адамнан табылса, олар бірге қосылып басшылық жасауы керек.
Сонымен қатар ел басына керек негізгі қасиет - ол даналық.
Егер белгілі бір
уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда елдің бірінші басшысы
тіпті болмай-ақ койсын, ондай қалаға қауіп төнетінін ескертеді ұлы ойшыл.
Біздің бүгінгі қоғамдағы қиындықтарды жеңу үшін, үкімет басындағы саяси
элитаның биік дәрежеде болуы - қажетті нәрсе.
Оларды
Әл-Фараби
калдырған
өсиеттерімен
салыстырсақ,
онда
жетістіктерімізді және кемшіліктерімізді көруімізге болады. Біздің саяси элита аз