Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет137/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
163 
Біріншіден, Ибн-Сина үлкен ғалым-дәрігер болған адам. Ол өзінің артына әртүрлі 
ауруларды жазатын шөптердің қосындыларынан жасалатын 1000 дәрінің рецептін 
қалдырған. Оның «Ғылым тізбегі» деген еңбегі Батыстағы Ортағасырлық 
университеттерде 400 жыл бойы негізгі оқулықтардың бірі болған. 
Ал енді оның философиялық көзқарастарына келер болсақ, өзінің онтологиясында 
(Болмыс ілімінде) Ибн-Сина неоплатонизмнен қалған эманация идеясын кеңінен 
қолданып, Дүние Алланың -бірінші себептің (өзіне-өзі қажетті барлық) ағып-тасуынан 
пайда болды деген пікір айтады. 
Сонымен өзіне-өзі жеткілікті, сонымен қатар өзіне сыймай тасып акқан алғашқы 
себеп сатылы түрде орналасқан ақыл-ой, жан-дүние, аспан әлемдерін тудырады. 
Оқырманның байқағанындай, Ибн-Синаның ілімі бүл жағынан алып қарағанда Әл-
Фарабидін көзқарасына өте жақын. Тек ай астындағы әлемді Әл-Фараби 11 сатыда 
орналастырса, Ибн-Сина 10 сатыда деп есептейді. 
Ибн-Синаның Болмыс ілімінде «өмір сүру» мен «мән-мағынаға» көп көңіл 
бөлінген. «Өмір сүру - нақтылы, мән-мағына -абстрактылы. Мысалы, нақтылы адам 
мен итті алсақ, олар өмір сүріп жатыр. Ал олардың мән-мағынасы - адамгершілік
хайуандық - ол абстрактылы, олар нақтылы адам мен иттің алдында өмір сүрген», — 
дейді ұлы ойшыл. Нақтылы адамдар, жануарлар т.с.с. Дүниеге келеді, кетеді, ал 
олардың мән-мағынасы – мәңгілік, өз-өзіне жеткілікті, болу я болмаумен, қажеттілік, я 
мүмкіндікпен байланысты емес. 
«Дүниеде нақтылы өмір сүріп жатқан нәрселерді біз болуы мүмкін дейміз, өйткені 
олардың өз-өзіне негізделетін болмысы жоқ. Олар белгілі бір себеп, кездейсоқтықтың 
негізінде Дүниеге келеді, басқа жағдайда Дүниеге келмеуі де мүмкін еді. Ал 
қажетті барлықты алатын болсақ, ол бар және оның болмауы мүмкін емес, өйткені ол 
өзін негіздей растай алады. Ол, әрине, Алла-тағала, ол бүл Дүниедегі болуы мүмкін 
және болып жатқан нәрселерден бөлек», — деген пікірге келеді ұлы ойшыл. 
Ибн-Сина өзінің онтологиялық ілімінде діндегі «Құдай жоқтан барды тудырды» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет