Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет139/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
165 
Латынша аты - Аверроэс. Өмірге Испаниядағы Кордова қаласында келеді. Жас кезінде 
мұсылман құқын, араб әдебиеті мен поэзиясын, соңынан дәрігерлік ғылымды, 
математика мен физиканы оқиды. Содан кейін философиямен айналыса бастайды. 
Ибн-Рошд көп жылдар Севилья мен Кордовада кадилық (соттың) қызмет 
атқарады. Өмірінің кейбір кезеңдерінде өзінің көзқарастарына бола діни қуғындауға 
ұшырайды. Ибн-Рошд ғылыми еңбектерінің көпшілігін Аристотельдің еңбектеріне 
түсініктемелер жасауға арнайды. Еуропа философиясында «Ұлы комментатор» 
(түсініктемеші) деген атаққа ие болған. 
Негізгі еңбектері: «Терістеуді теріске шығару», «Аспандағы денелердің қозғалысы 
жөнінде», «Алғашқы қозғаушы жөнінде», «Жан-дүние ғылымы жөнінде» т.с.с. 
Соңынан оған Данте «Білетіндердің ұстазы»деген ат береді. 
Өзінің философиядағы көзқарастарында Ибн-Рошд Дүниенің мәңгілігі мен 
шексіздігі жөнінде айтады. Әрине, ол - өз заманының туындысы болды, сондықтан ол 
Құдайды мойындады. Құдай-шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя - 
Дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік кайнар көзі, өйткені «егер Жаратушы мәңгілік болса, 
онда жаратылған Дүние де – мәңгілік». Құдай - қажетті барлық, ол Дүниенің 
мүмкіндігі материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады. Дүниедегі еш нәрсе 
пайда болып, я құрымайды, ол өзгеру арқылы басқа затқа айналады. Материя заттын 
ішкі мүмкіндігін кұраса, бітім (форма) оның сырткы іске асуына, өмірге келуіне 
әкеледі. 
Ибн-Рошд Аристотель философиясынын негізгі кағидасының бірі - «материя 
ешкашан бітімсіз, ал бітім материясыз өмір сүре алмайды» деген ойын толығынан 
колдап, оны әрі қарай тереңдетеді. Егер материя мен бітімді біз ажырата алмасақ
онда мүмкіндік пен шындық та -- бірегей, олардың айырмашылығы салыстырмалы 
ғана. Дүние мәңгілік болғаннан кейін, қайсыбір мүмкіндік ертелі-кеш шындыкқа 
айналуға тиіс. 
Ибн-Рошдтың таным ілімінде ақыл-ой негізгі орын алады. Әрине, Құранда да 
Дүние жөніндегі белгілі қағидалар берілген. Бірақ олар калың бұқараға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет