Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет166/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
194 
Адамның дене құрылысының өлшемі терең зерттелді. Сәулетшілер үлкен 
ғимараттардың жобасын жасау жолында олардың геометриялық пропорцияларын 
зерттейді. Механикалық заңдылықтарға көңіл бөледі.
Ғылым мен өнер саласындағы Қайта өрлеу заманының ең жан-жақты дамыған 
тұлғасы, тарихта өз ізін калдырған Леонардо да Винчи болды (1452-1519 жж.) ұлы 
суретші, мүсінші, инженер, ойлап тапқыш - ол өз заманы емес, бүкіл адамзат 
тарихында болған шығармашылық мүмкіншілігі ғажап адам еді. Оны біз тіпті жан-
жақты дамыған адамның идеалы деп те атасақ артык болмас.
Ол өзінің әйгілі «Джакондасымен» (Мона Лиза) я болмаса «Құпия кешкі
отырыс» суреттерімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-анатомиялық, 
физиологиялық зерттеулерімен, неше түрлі техникалық жобаларымен (қазіргі танкті, 
мата тоқу станогін, әуе ұшағын, парашютті, гидротехникадағы шлюздерді ойлап 
шығарған) тарихта мәңгі қалды. Ол өз заманындағы механика, физика, астрономия, 
геология, ботаника, анатомия және физиология мәселелерімен айналысты. 
Өзінің философиялық қөзқарастарында Л. да Винчи адам мен табиғатты 
салыстырып, адамның дүниедегі барлық тіршіліктен жоғары екенін, ал ол жасаған 
мәдениет туындылары табиғаттын «жасаған» заттарынан анағұрлым биік екенін 
көрсетті. 
Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып, Леонардо да Винчи 
эмпиризмнің алғашқы нышандарын жасады. Тәжірибе арқылы ғана ақиқатқа 
жақындауға болады. Әрі қарай тереңдеу үшін мақсатқа лайықты тәжірибе-
эксперимент керек. Бірақ табиғат тәжірибеден тыс қалған көп себептерден де 
тұрады. Сондыктан ақиқатқа жетудің соңғы жолы теория. «Ғылым қолбасшы 
болса, практика әскер», - дейді Л. да Винчи. 
Егер ғылым Дүниенің сандық жағын ғана зерттей алатын болса, онда өнер 
дүниенің сапалық, қайталанбайтын, әсем нақтылы жағын көрсете алады. Бұл 
жағынан ұлы суретші өнер ғылымнан биік деген пікірге келеді. Расында да, Л. да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет