Нуржігіт Алтынбеков
196
Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктін, ашқан жаңалығы діни
көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға аттанатын жол ашты.
Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі
Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы,
ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты.
Ол Дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз —
шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде, олардан бөлек, я болмаса жоғары
емес...». «Табиғат дегеніміз — ол заттардың ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан.
«Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде»,
- деген Д.Бруно ойы ертедегі философиядағы микро және макрокосмның теңдігін
көрсеткендей болады.
Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл Дүниенің жаны бар деп
түсінеді. Дүниежүзілік жан – заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш – қуаты.
Олай болса, бәрі де мақсатқа лайықты өмір сүреді (телеологизм). Ал оны білу –
ғылымның негізгі ісі, - деп түсінді Д. Бруно.
Д. Бруно тағдырына аянышты әсерін тигізіп, оны тарихи тұлғалық дәрежеге
көтерген, әрине, оның космологиялық идеялары. Ол Н, Коперниктің идеяларын әрі
қарай дамытып, «Күн – біздің Дүниенің орталығы ғана, ал Ғарышты алатын болсақ,
ондағы саны шексіз жұлдыздардың әрбіреуі - өзінше күн және олардың да
планеталары бар. Ал онда өмір, рух болуы мүмкін», - деген батыл болжам айтты.
Әрине, мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді – кесілді қарсы болды.
Сондықтан ол 1592 ж. ұсталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар 8 жыл бойы ұлы
ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді қалдырамыз», - деді. Бірақ Д.
Бруно олардың ықтиярына көнбей, ақырында отқа жағылды.
Қорыта келе, философия бірте – бірте діни көзқарастан алшақтап, ақыл – ой
елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене бастады. Табиғат
жөніндегі ғылыми деректердің, табиғи құқ және моральдық мәселелердің мәні өсе
|