Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет174/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
203 
адам сияқты болуы тіпті қажетті емес. Бірақ адам оны өзіне ұқсатып көргісі келеді... Ал 
бізге ең жақын орналаскан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелік жыл екенін ескерсек 
(яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5 жыл ұшу қажет !!!) және 
А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдықтың шеңберінде 
заттың салмағы күрт өсіп, кеңістіктегі алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, онда 
қайсыбір тіршілік түрі мұндай кашықтықты өте алмайтындығына көзіміз жетеді. 
Сонымен ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тарелка мифінің» орынсыз екенін көруге 
болады. Міне, бұл - Ф.Бэконның айткан тектік идолдарының бүгінгі таңдағы бір 
көрінісі ғана. 
Екінші елес - ол үңгір идолы (idola specus). «Әрбір адам белгілі бір отбасында, 
белгілі бір жерде дүниеге келіп, тәрбиеленеді, ересек адамға айналады. Біреу адам 
түгіл құдай да ұмытқан ауылда, екіншісі аудан орталығында, үшіншісі астанада, ия 
болмаса үлкен қалада туып - тәрбиеленеді. Біреу кедей, екінші аукатты отбасында 
өсіп-өнеді, көбінесе соған сәйкес білім алуға, өмірде өз орнын табуға мумкіндіктер 
ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзінің зор ықпалын тигізбей коймайды. Ол 
сол өзін қалыптастырған «үңгірден» дүниеге қарайды, ал оның өзі «табиғаттың 
сәулесін әлсіретіп бұрмалайды», - дейді ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы - 
дүниеден алған жеке тәжірибені жалпыхалықтық тәжірибемен ұштастыру болмақ. 
Үшінші - алаң, ия болмаса базар елестері (idola fori ). Олар қарапайым адамдар 
жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзі - зат пен соны көрсететін, 
бейнелейтін сөзді толығынан теңеу. Ал шынына келсек, сөз затқа қойылған ат қана. 
Сөз көбіне заттың не екенін емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетеді, -
дейді ұлы ойшыл. Егер сөзді затқа теңесек, онда көбіне біз «жалған даналық» жолына 
түсіп кетеміз. Бұл елеске берген сыннан біз схоластикалық философияға қарсы 
бағытталған Ф.Бэконның көзқарасын болжаймыз. 
Төртінші, соңғы елес - ол театрлар идолы (idola theatri). Олардың дүниеге 
келу себебі - тарихтағы өмір сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену,
солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет