Нуржігіт Алтынбеков
197
бастады. Ал бұл үрдістер Жаңа дәуірдегі ғылымның, жалпы танымның негіздерін
қайта қарауға, философияның жеке ғылымдармен тығыз байланысының орнығуына
әкелді. Сонымен келесі тарауда Жаңа капиталистік қоғам дүниеге келіп тудырған
философияға тоқталатын боламыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қайта өрлеу заманы деп кай ғасырларды айтамыз?
2. Гуманизм дегеніміз не?
3. Қайта өрлеу заманы адам мәселесін калай шешеді?
4. Н.Кузанский өзінің негізгі еңбегін «Ғылыми білімсіздік»
деп атауының сыры неде?
5. Н.Кузанский сенім мен акыл-ой мәселесін қалай шешеді?
6. Н.Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде?
7. Н.Макиавелли саясат пен моральды калай бір-бірінен
айырады?
8. Фортуна дегеніміз не?
9. Діни реформациядағы М.Лютердің енгізген өзгерістері қандай?
10. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде?
11. Протестанттық этиканың негізгі құндылықтары қандай?
12.Н. Коперниктің ғылымға енгізген төңкерісі неде?
13.Дж.Бруноның натурфилософиясының ерекшелігі неде?
Рефераттар тақырыбы:
Қайта өрлеу заманы философиясындағы гуманистік ағым.
Николай Кузанский Қайта өрлеу заманының көрнекті философы.
Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси қөзқарастары.
Нуржігіт Алтынбеков
198
Н.Макиавеллидің
саясат
пен
моральдың
қарым-қатынасы
жөніндегі
көзқарастары.
Діни реформация Қайта өрлеу заманындағы рухани өзгерістердің айқын
көрінісі.
Л. да Винчи - Қайта өрлеу заманындағы жан-жақты дамыған
тұлға
Н.Коперниктің ғылымда жасаған төнкерісі.
Дж.Бруно және оның философиялық көзқарастары.
Протестанттық этика және оның маңызы.
Қайта өрлеу заманындағы фатум жэне фортуна мәселелері.
Ойланыңыз:
Фортуна өте мейірбанды адамдардан гөрі, не болса сол болсын деп батыл
кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский).
Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі - менің кедейлігім. (Н.
Макиавелли).
Қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында зерттеулер,
соңында білместік жатыр. (М.Монтень).
Сен өздеріңнің қағидаларыңмен Дүниені төңкеріп тастағың келеді, - дейді
біреулер. Бірақ төңкеріліп жатқан бұл Дүниені төңкергеннің несі жаман. (Дж.Бруно).
Адам - көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла).
Қандай қиындык болса да, өмірден бас тартпа. (М.Монтень).
Білімге деген іңкәрліктен артык батылдық жок. (М.Монтень).
Құдай басқа тіршіліктердің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп, олардың
алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай шеңбермен кысылған жоқсың,
сондықтан өз бейнеңді өз шешіміңмен анықтай аласың. (Пико делла Мирандолла).
|