Нуржігіт Алтынбеков 200
құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек
алғашқы Дүниені жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан кейін жаратылған
Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай тағала оның
өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың
Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.
Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне қарсы
тұрған екі әдіс кеңінен қолданыла бастады. Ол, бір жағынан алғанда, табиғат
құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені
математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия
саласында ғылымға деген үлкен үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта
ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастайды.
Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан
жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін
зерттеуі қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын
ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады. Мінеки,
осындай қайшылықты жол Жаңа дәуірдегі философияны тудырып, оны әрі қарай
дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.
§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер
тобынан шыққан, Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен,
дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен
шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады.
Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам
лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол
бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Енді оның философиямен айналысуына жол
ашылады.