Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет173/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
202 
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екіге бөледі. Олар - 
теоретикалық жэне практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі 
тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия жемісті тәжірибелерге сүйеніп, 
табиғатта бұрын-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады. 
Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны философиялық 
антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесі ретінде азаматтық 
философия (philosophia civilis)
зерттейді. 
Таным мәселелері 
Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның 
дүние тануына кеселін тигізетін нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып 
әшкерелеу қажет. Сонда ғана жаңа әдістерге жол ашылып, зерттеулердің тиімділігі 
артады. Сол ғылымдағы кедергілерді Ф.Бэкон «идолдар», я болмаса «елестер» 
дейді. Олар - төртеу. 
Бірінші елес - тектік идолдар (idola tribus). Олар адамның жаратылысынан, жалпы 
табиғатынан шығады. Оны біз қазіргі тілмен «антропоморфизациялау» деп айтар 
едік. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келіп тіреледі. Адам 
табиғаттағы сырлы кұбылыстарды танып-білуге бағытталған кезде, оларды «өзіне 
ұқсатып» түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою 
мүмкін емес. Ф.Бэконның бұл айтқан ойларын растау үшін мынандай мысал 
келтірейік. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен баска Дүниелердегі 
ақыл-оймен, рухпен кездесу киялы XX ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар 
жөніндегі неше түрлі аңыздарды тудырды. Ол қазіргі заманның тудырған мифтері 
бойынша, ұшып келген тарелкалардың ішінен шыққан пенделер нақ жердегі адамдар 
сиякты екі аяқты, қолды, екі көзді, тек олардың түсі көкшіл екен т.с.с. 
Әрине, кең ғарыштың кеңістігінде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда өмір 
және сол өмірдің биік ғажап шыңы рух пайда болуы мұмкін. Бірақ ол рухтың иесі тек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет