Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет19/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
20 
В.В.Бибихиннің: «Философия - қабылдайтын түсінік ретінде өзінің Дүниеге 
ашықтығымен тілге тең», - деген пікірінде үлкен сыр жатса керек. Ал неміс философы 
Г.Г.Гадамерді алатын болсақ, ол: «Тіл дегеніміз – бәрін қамтитын Дүниенің алдын ала 
берілген түсінігі», - дейді. 
Расында да, сәби ананың ак, сүтімен, әлди-әлди өлеңімен бірге өзінің жан 
дүниесіне туған тілін сіңіріп, жарық Дүниенің есігін алғаш ашып, өмірге деген 
дүниетанымы мен түсінігін, ер жете келе көзқарасын қалыптастырады. Қайсыбір 
халық өзінің тарихи мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тілі арқылы қоршаған 
болмысты өзінше бейнелеп, сезінеді. Сондықтан атақты неміс философы 
М.Хайдеггердің «Тіл - болмыстың үйі», - деген нақыл сөзінде үлкен мән-мағына 
жатыр, олай болса, әр халықтың тіліне сәйкес философиясы, өмір салты, әдет-ғұрпы, 
рухани өмірі, менталитеті бар және ол - оның өшпес құндылығы, өйткені тіл 
жоғалған жерде халық өз-өзінен айырылады. Мүмкін, ол халық тіршілікте болуы 
мүмкін, бірақ ол тарихтың субъекті ретінде өшеді. Олай болса, қазіргі қазақ 
халқының XXI ғасырдың басындағы тарихи шешуші сатысындағы негізгі 
мәселелерінің бірі ол өз тілін жаңа дәрежеге көтеру, ұмыт қалған мыңдаған сөздерді 
бүгінгі тілге енгізу, ата-бабаларымыздан қалған негізгі байлықты мақтан ету, оны 
шынайы бүкіл Қазақстан халқы сыйлайтын мемлекеттік тілге айналдыру. Ал қазақ 
интеллектуалдарының (іntеllесtus - латын сөзі, тану, білу, ой еңбегімен шығармашылық 
деңгейде айналысатын адамдар) негізгі істерінің бірі - туған тілді аса ұқыптылықпен 
тыңдау, ұмыт қалған сөздердің мәнін ашу, уақытпен бүркеленген сөздің сырын, 
шынайы көне дүниетанымдарды жандандыру, соның негізінде жаңа шабыт, 
ізденіс, ұмтылыс тудыру болмақ. 
Екінші жағынан, ұлттық философиядағы өмір құндылықтары терең зерттеліп, 
олардың адамды қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі мүмкіншілігі қазіргі өтпелі 
заманда толығынан пайдаланылуы керек. Өмірдің талабына сәйкес біз «ашық қоғам 
боламыз» деген ұранмен қазіргі мәдениет, рухани саладағы батыс құндылықтарын, 
үлгілерін жаппай ішке кіргізу (оның өзінде жақсы үлгілерінен гөрі, тұрпайы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет