Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет16/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
17 
көзі тірі кезінде айтамыз, соңынан олардын ашқан жаңалықтары сол ғылымның бір 
тарауына құрап, бейтұлғалық объективтік занға айналып кете барады (оbjektum - 
латын сөзі, зат, қарсы қоямын). 
Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты
адамның жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан дүниесін ұлылық, 
құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді (һаrmоnіа - грек сөзі
үйлесімді, қарама-қарсылықтың бірлігі). 
Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе - Дүниенің біртұтастығын 
көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау - философия 
саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта 
өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген 
білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ адамның жүрегінде 
Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, 
әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми 
деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен 
бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне 
алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп 
жатқанын айқын көрсететін нәрсе - тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған 
Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің 
эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен 
берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтің романдарында Достоевский, Толстой 
сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр 
жатыр. 
Философияның тағы бір ғажап жағы - оның өз бойына мистикалық 
транцендентік қасиеттерді сіңіруі (mysticos - грек сөзі, құпия; transcdere - аттап өту, 
латын сөзі). Дүниені транцеденттік жолмен игерудің керектігі - оның тұңғиықтығында, 
шексіздігінде, кұпия әлі ашылмаған сырларында. Екінші жағынан алып қарағанда, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет