Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет21/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
22 
екіншілерде көркемөнерлік, үшіншілерде нақылдық-моральдық, төртіншілерде діндік-
мистикалық жақтары басым болуы мүмкін. 
Оның өзі көп жағдайлармен, әсіресе белгілі тұлғаның өмір сүрген дәуірімен, сол 
тұлғаны тудырған халықтың тілі мен ділімен (менталитет) оның тәрбие, білім алған 
жағалай ортасымен, тіпті жеке мінез-құлқы, темпераментімен байланысты болса керек 
(tеmреrаmеntum - латын сөзі, жеке адамның жан дүниесінің табиғи ерекшеліктері). 
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып 
бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастык 
білім. Философия - адамзат мәдениетінің өзегі. 
§ 3. Философия пәні 
Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, 
мәселені нақтылай түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек. 
Бұл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жаратылыстану мен жеке 
гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылым түрлерінің пайда 
болуы философия пәнінің өрісін тарылтып, тіпті оны керек қылмай қалуы 
мүмкін,деген пікірді туғызуы ғажап емес. Ағылшын драматургы У.Шекспирдің 
«Король Лир» кейіпкері өзінің барлық байлығын үш қызына бөліп беріп, өмірінің 
соңында қайыршы болып қалғанындай, философия шенберінен бөлініп кеткен жеке 
ғылымдар оны өз пәнінсіз қалдырмас па екен деген сұрақты неміс философы 
В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы О.Конт философия өз 
дамуында 3 сатыдан өтетінін айтады. Олар теологиялық (tһеоs - грек сөзі, Құдай), 
метафизикалық (metа рһіsіса-грек сөзі, табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы 
құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивтік. Соңғы сатысында философия 
тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method -грек сөзі, әдіс) жөніндегі пәнге 
айналмақ, қалған мәселелердің бәрі жеке ғылымдардың үлесіне кете бермек. 
Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз бұл ғылымның 
шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи өндіргіш күштердің дамуы, ой 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет