Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет193/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   692
«Монадология» т.с.с. 


Нуржігіт Алтынбеков 
222 
Лейбницті алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөніндегі
ілімдері канағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екі бір-біріне тәуелсіз
субстанциялары дуниені қақ бөліп, олардың бірегейлігін дәлелдеу үшін ол
Құдай идеясын енгізуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бір ғана 
субстанцияны мойындағанымен, оның екі атрибуты — созылу мен ойлау 
бұрынғысынша бір-бірінен тәуелсіз болып қала берді. Бұл екі ұлы философ дүниенің 
шексіз әртүрлілігін өздерінің онтологиясында дұрыс түсіндіре алмады. 
Олай болса, Лейбництің қойған негізгі максаты түбі бір, сонымен қатар шексіз 
әртурлі субстанцияларды табу қажеттігінде болды. 
Лейбництің ойынша, жалғыз ғана субстанциядан қайталан-байтын шексіз әртүрлі 
заттар пайда болуы мүмкін емес, сондықтан сапалы көптүрлі субстанция ұғымын 
мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзі көпсапалықтан тұруы керек. 
Сондықтан дүниедегі субстанциялардың саны шексіз және сапа жағынан әртүрлі. 
Бірақ олар бытыраған (хаос) емес, белгілі бір тәртіпке келіп жүйеленген. 
Мұндай ой-өрісі Лейбницті дүниенің негізінде жатқан өте ұсақ, өз-өзіне 
жеткілікті, іштей неше түрлі күштерге толы монадаларды (monos - грек сөзі, бір) 
мойындауға әкелді. 
Монадалар, негізінен алғанда, физикалык ұсак бөлшектер емес, онда ол 
Демокриттің атомына ұксас болар еді. Олар кеңістікте ешқандай орын алмайды, оның 
заттық өлшемі жоқ. Монадалар -рухани-жандық, органикалық сапалы нүктелер, 
әрбіреуі тек өзіне тән даму сатысында. Өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, бір-бірін 
қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әртүрлі. Олардың бір-біріне 
ұқсастығы тек кана олардың бөлінбейтіндігі мен мәңгілігінде. 
Сөзсіз, мұндай ойларға Лейбницті Левенгуктың микроскоп жасап, адам 
ұрықтарын үлкейтіп көрсетуі себеп болса керек. 
Лейбництің монадалары іс-әрекетке толы, олардың әрбіреуі мәңгілік езгеру, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет