Нуржігіт Алтынбеков 24
ғылымдарын жандантып, олардың дербес сала ретінде қалыптасуына әкелуі. Әсіресе,
бұл үрдістер ХҮ-ХҮІІ ғасырларда белсенді жүріп жатты. Механика, астрономия,
математика ғылым салалары өздерінің пәндік дәрежесіне көтерілді. XVIII ғасырда
химия өзінше дербес ғылымға айналды. XIX ғ. биологиямен бірге антропология дербес
ғылым ретінде қалыптаса бастады (сонымен қатар қоғамдық-экономикалық пәндер).
XX ғасырда философияға өте жакын ғылым салалары - психология, этика, эстетика,
саясаттану, әлеуметтану пәндері дербес ғылым саласына айналды. Ал XX ғасырдың
екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың өзінің көпсалалы пәндерге
айналуына, сонымен қатар, екі саланың қиылысқан жерінен пайда болған
биофизика, астрофизика, биохимия сияқты жаңа ғылым салалары дүниеге келді.
Сонымен ғылымның қалыптасып, сала-салаға бөлінуі (дифференциация) бірте-
бірте ғылыми салалардың түйіскен жерлерінен жаңа пәндердің пайда болуына әкелді
(интеграция). Ғылым саласындағы Жаңа дәуірдегі және ең жаңа XXI ғ. мұндай шытырман
күрделі өзгерістер философия пәніне өзінің қандай ықпалын тигізді? Расында да,
философия жеке ғылымдардың өзінше дербес пәнге айналуымен «жалаңаш корольге»
ұқсас болып қалған жоқ па деген сауалдар оқырманның ойына келуі мүмкін.
Мұндай сауалдарға біз үзілді-кесілді: «Жоқ», - дер едік. Өйткені жеке ғылымдар
саласы қалыптаса бастасымен-ақ, философия да бірте-бірте өз шынайы мәселелеріне тереңірек қарап, оның өз-өзін табуын жеңілдетті. Тарихи философияның ғасырлар бойы «натурфилософиялық мәселелермен»
айналысу себебі - жеке ғылымдардың дербес пән ретінде өмір сүре алмауы; сондықтан
философия жаратылыстану мен әлеуметтік ғылыми деректерді бойына жинап,
соларды сараптап, өз ішінде бірте-бірте дамытуға мәжбүр болды. Философия өзіне тән,
шегіне жеткен ең жалпы мәселелерді ешқашанда сыртка қалдырған жоқ. Сонымен
жеке ғылымдардың калыптасу жолында, философия да өзін ауырлататын