Нуржігіт Алтынбеков 249
ғылыми деректер, әдебиет пен мифологияны жатқызады) жалғыз ғана халықтың діни
сенімін қарастыру жеткіліксіз.
Үшіншіден, адамзаттың дүниені игеру жолындағы жасаған материалдық мәдениет
те мұкият зерттелуі керек.
Төртіншіден, христиан елдерінің тарихы - ол бүкіл адамзат тарихымен тең емес.
Сондықтан басқа халықтардың да тарихын зерттеп, оларды бүкіл адамзаттық тарихқа
енгізу қажет.
Вольтер қоғам дамуының, өзгеруінін кайнар көзін адамдардың ой-өрісінен,
пікірлерінен көреді. «Адамдардың пікірлері дүниені басқарады», - дейді ол. Бірақ ол
пікірді халықтың көпшілігі қолдауы керек. Олай болса, мемлекетті басқарып отырған
саясаткерлердің ойы мен іс-әрекетгері халықты бақытты, иә болмаса бақытсыз өмірге
әкеледі. Бүкіл адамзат тарихындағы мыңдаған жылдағы болған бақытсыздык, зардап
шегу, қылмыс, әпербақандықтың бәрі өкімет басындағылардың арсыз билігінде
болды деген қорытындыға келеді.
Бірақ, сонымен қатар, Вольтер өз заманына - XVIII ғ. көп үміт артады, өйткені
ғылымның дамуы, өнердің өрлеуі, зердеге негізделген философиялық ойлар кеңінен
тарап, халық бұқарасының рухани деңгейін өсіріп жатыр. Ал мұндай өрлеу Вольтердің
ойынша, өкімет билігіне «ағарған дана патшаның» келуіне себеп болады. Ол
қоғамдағы залымдықты құртып, адамдардың бақытты емір сүруіне керекті
жағдайларды жасайды деген оптимистік өміршеңдік оймен өзінің тарих
философиясын аяқтайды.
Тарих - үлкен оқытушы. Өткендегі болған кемшіліктер мен қателіктерді білген
халық кана оларды өзінің болашақ өмірінде қайталамайды деп, біз Вольтердің ойын
әрі қарай жалғастыралық. Ол - әсіресе қазақ халқына ауадай қажет нәрсе.
Жан-Жак Руссо Жан-Жак Руссо (1712-1778 жж.) Швейцариядағы Женева қаласында сағат
жөндеушінің семьясында дүниеге келеді. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық шарт