Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет218/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
252 
кайыршылык жағдайға келеді, осыдан бастап адамзат табиғи сатыдан цивилизацияға 
келіп тіреледі. Байлардың мүдделерін тиімді корғау жолында мемлекет дүниеге 
келеді», - деп қорытады Руссо. 
Мұндай жағдайда адамға қалайша оның жоғалткан еріктігін кайтып беруге 
болады? деген көкейтесті сұраққа Руссо өзінің «қоғамдық шарт» теориясы аркылы 
жауап беруге тырысады. Оның мәні мынада. Әрбір адам ерікті түрде өз құқтарының 
бәрін қоғамға береді. Осы сәтте адамдардың бәрі де бір-бірімен заң жүзінде теңеліп, 
берген қүктарын өзіне коғамнан қайтарады. Барлығының жағдайы тең, ешкімнің де 
артықшылығы, жеңілділігі жок, әрбір адам бүкіл қоғамды мойындап, оның 
талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбір адамға тәуелсіз болады, әрбір адам біртұтас 
қоғамның ажырамас бөлігіне айналады. 
Сонымен қоғам өмірінде әрбір адам өзінің күш-қуатын сезінеді, адамдар жеке 
тұлға, дене ретінде теңсіз болғанымен, моральдық, кұқтық теңдікке ие болады. 
Қоғамдағы шығарылған заңдардың кайнар көзі - халық. Егерде бірде-бір заң 
халықтың пікірінсіз және дауысын берусіз жарыкка шықса, онда ол заң емес, ол - 
бұйрық. Халықтың билігін қамтамасыз ететін ұйым - ол халықтың құрылтайы. Ол 
заңмен бекітілген уақытта жиналып, «қоғамдық шарттың бұзылмауын бақылап 
отыруы кажет, өйткені ол шарттың ыдырап кету себептері әрқашан сақталады». Олар: 
а) әрбір өкіметтің өзін әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады; 
в) азаматтардың біршамасының ізгілік жолынан ауытку мүмкіндігінен; 
с) жеке мүдделердің дамып, жалпы мүдденің шеңберін қысуынан; 
д) мұндай жағдайда «жалпы мүддені» өзгертіп, адамдарды алдап кету қаупі 
туады; 
Қоғамдық шартты сақтап қалудың бірден-бір жолы, Руссоның айтуына қарағанда, 
ол - халықты ағарту, оған әрқашанда дұрыс жолды көрсетіп отыру. 
Руссо адамды тәрбиелеу мәселелеріне де көп көңіл бөледі. Тәрбиелеу дегеніміз - 
табиғаттың адамға берген туа біткен дарындарын бірте-бірте дамытып, гүлдету. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет