Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет229/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
266 
ешкандай пайдақорлықты іздемеуі керек. Тек басшылыкка баска адамдар алдындағы 
парызымызды алуымыз кажет. 
Категорикалық императивтің екінші ережесі «әркашанда адамзатқа, - ол өзің, иә 
болмаса басқа адам болса да, - ешқашанда құрал ретінде қарама, әрқашанда оны 
мақсат тұт». Адам - бұл дүниедегі ең биік кұндылык, оны басқа еш нәрсемен 
салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистік принцип қайсыбір діндегі адамды 
төмендететін қағидаларға карсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық 
философиясының күшті жақтарына жатқызуға болады. 
Ал енді И.Канттың моральдык философиясының әлсіз жақтарына келер болсак - 
ол парыз бен бақытты бір-біріне қарсы қою. Егер мен басқа адамға жақсылыкты 
оны сүюдің, жаксы көрудің негізінде жасасам, онда ол іс-әрекет өзінің моральдық 
жағын жояды. Моральдық жолда адам тек кана парызды басшылыққа алуы кажет. 
И.Канттың ойынша, тек кана «Парызды орындадым» деген ой ғана адамды өзін 
бақыттымын деген сезімге әкеледі. «Парыз, сен сәулетті, ұлы сөзсің!» - деп қорытады 
И.Кант. 
Әрине, адамдардың карым-катынасында, олардың ішкі ойлары мен сезімдері 
үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бірак нақтылы жасалған іс-
әрекетті де естен шығармаған жөн. Нақтылы күнбе-күнгі өмірде біз біреуді сүйеміз, 
екіншіні жек көреміз, үшіншіні сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезім тебіренісінсіз 
ешқандай қарым-катынас жок, олай болса мораль саласынан адамның сана-сезімін 
алып тастау тек қана абстрактылык теорияда ғана болса керек. 
Еріктік мәселесі 
И.Канттың ойынша, адам ерікті түрде категорикалык императивтің талаптарын 
мүмкіндігінше толык орындауы керек. Зорлыктың негізінде атқарылатын моральдық 
императивтер жоқ. Бірақ бұл теорияда ғана. Ал нактылы өмірде, құбылыстар әлемінде, 
адам көбінесе гипотетикалык императивтермен кездеседі. Бұл жағдай оның жан 
дүниесінде үлкен кайшылыктар тудырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет