Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет227/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
262 
ещқашанда жойылмайтын бүкіл дүние жөнінде «соңғы ақиқатка» деген құштар бар. 
Ал мұндай істі өзінің мойнына ақыл-ой емес, зерде алады. 
Егер ақыл-ой кабілеті арқылы біз категориялық ғылыми таным дәрежесіне 
көтерілсек, зерде арқылы біз толықканды танымның «соңғы кірпішіне» дейін 
көтерілуге тырысамыз. Сананың шексіздікке деген құштарлығын зерде шешкісі 
келеді. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой мен зердені адамның ойлау қабілетінің екі 
бұтағы ретінде қарайды. Егер ақыл-ой дүниедегі құбылыстарды зерттеп, оларды ретке 
келтірсе, зерде құбылыстың әр жағында жатқан өзіндік заттың ішкі сырын ашқысы 
келеді. Зерде ақыл-ой шеңберінен аттап, трансценденттік әлемге өтуге тырысады. 
Ақыл-ой мен зерденің арасындағы айырмашылықты жете көрсету үшін И.Кант 
«идея» ұғымын қолданады. Ақыл-ой категорияларды қолданса, зерде идеяларды 
басшылыққа алады. «Қайсыбір адамның дүниетануы аңдаудан басталып, ұғымдарға 
өтеді де, идеялармен бітеді». Яғни идеялардың өрісі ғылыми категориялардан кең, 
ол - метафизикалық категориялар. Идеялар арқылы біз тәжірибенің әр жағына өткіміз 
келеді, бірақ ол іс-әрекетіміз бізді нәтижеге әкелмейді. «Идеялар жетілгендік, кемеліне 
келгендікті көрсетеді, оған жақындауға болғанмен, бірақ толығынан жетуге болмайды», 
- деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен зерде ұстай алмайтынды ұстағысы
шешілмейтінді шешкісі келеді. 
И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрі бар: жан-дүние, әлем және Құдай 
мәселелері. 
Әлем мәселесіне келер болсақ, ол жөнінде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған 
қарсы тұрған төрт пікір келтіреді. Ойшыл оны антиномия дейді, өйткені бірінші 
тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуі де тең дәлелденеді. 
Осының әсерінен зерде шешілмейтін қайшылыққа келіп тіреледі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
263 
И.Канттың төрт космологиялық идеяларын осы жерде 
келтірейік: 
1. Әлемнің басталған 
уақыты 1.
мен кеңістіктегі шеңбері бар. 
Ол шектелген. 
2. Әлемдегі қайсыбір 
күрделі 2. 
субстанция тұрпайы бөлшек- 
терден тұрады. 
3. Дүниедегі 
құбылыстардың 3. Дүниеде
бәрін шығаратын табиғаттың
ешқандай еріктік
заңдылықтарының негізін- 
дегі себептілік жалғыз емес. 
Кейбір құбылыстарды түсіну 
үшін ерікті себептіліктің бар 
екенін мойындау қажет. 
4. Дүниеге оның бір 
бөлшегі, я 4. 
болмаса себебі ретінде жата- 
тын сөзсіз қажетті мән бо- 
Әлемнің 
уақыттық шеңбер-дегі 
басы және 
кеңістіктегі шеңбері 
жоқ. Ол - шексіз.
Бірде-бір күрделі 
зат тұрпайы 
бөлшектерден
тұрмайды . 
Дүниеде бірде – бір 
тұрпайы нәрсе жоқ.
Дүниеде ешқандай 
еріктік жоқ. 
Дүниедегінің бәрі тек 
қана табиғи 
заңдылықтар-дың 
негізінде өмір сүреді. 
Еш жерде 
абсолютті қажетті мән 
- дүниеде де, дүние-
нің сыртында да - 
себеп ретінде жоқ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет