Нуржігіт Алтынбеков
265
Легальдық және моральдық іс-әрекеттер
Адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив
дейді. Оның екі түрі бар. Біріншісі - гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері
өмірде қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты, ал
соңғылар әрқашанда
өзгерісте. Гипотетикалық императивтер, сондықтан адамның
сыртқы, яғни
гетерономдық жүріс-тұрысын ғана анықтайды, оның ішкі мотивтерін есепке алмайды.
Мысалы, «егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта
олармен адал бол», «егер
өзіңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с.
Мұндай ережелерге сай жүріс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар олар
орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкіндігі де адамға өз әсерін тигізбей қоймайды.
Мұндай жүріс-тұрысқа И.Кант
легальды, яғни заңға қарсы емес деген ат қояды.
Императивтердің екінші түрі -ол категорикалық императивтер - оның
ережелерінің түптамыры
моральдық салаға кетеді. Оның талаптары үзілді-кесілді,
қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмірден алынған
тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай
«егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды.
Сонымен қатар
гипотетикалық императивтер моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен,
соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кісі
сол үшін сый алу мақсатымен суға түссе, онда оның іс-әрекеті легальды.
Ал ондай есеп болмай, тек кана парыздың негізінде, өз өмірін ойламай,
басқа
адамды судан шығарамын, өлімнен құтқарамын деген оймен суға тап берген
адамның іс-әрекеті -- моральды. Сонымен легальдық пен моральдыктың шекарасы
адамның ішкі сана-сезімі арқылы өтеді екен.
Енді сол И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалык императивін
талдайық. Ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс-тұрысыңның ережесі бүкіл
адамзаттың талабына сай келсін», яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса,
ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолында адам