Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет245/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
282 
философияға тарихи көзқарасты енгізеді. Сонымен қатар дамудын өзі қайшылықтың 
негізінде, заттың бүгінгі жағдайының теріске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуі, 
соңғының өзі жүре келе теріске шығарылатыны т.с.с. ретінде қаралады. 
Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат - алдын ала құйылып, қалтаға 
салуға дайын тұрған күміс ақша емес», оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың 
өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей біліп, игеру керек екенін айтты. 
Осындай диалектикалық көзқарастың негізінде Гегель өзінің орасан зор 
философиялық жүйесін тудырды. Ол Абсолюттік идеядан басталады. Басқаша сөзбен 
айтқанда, ол - абсолюттік білім, таза ұғым - шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзіне келіп 
тануын, өз-өзін анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы береді. 
Сонымен қатар абсолюттік идея өз-өзіне тең ойлау сатысынан өтіп, іс-әрекет 
арқылы өзінің өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегеніміз, Гегельдің 
ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзінің 
тікелей сезімдік сатысынан өтіп, Феникс құсы сияқты өзін қайта жаңару үшін жағып, 
жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретінде қайта дүниеге келу болып табылады. 
Рух дегеніміз - шектелген сана, ойлай алатын қабілеті бар пенде, яғни - адам. 
Бірақ ол табиғаттан шыкса да, Гегельдің ойынша, оның туындысы емес - ол өзінің 
өзіндік нәтижесі. Рух өзінің алғышарттарынан - логикалық идея мен сыртқы 
табиғаттан - өзін тудырады. Сонымен абсолюттік идея ең алдымен таза логикалық 
дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның ішінен адамзат осы тұрғыдан 
қарағанда, Гегельдің ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады. 
Бірінші, ол - Логика. Ол - өзінде және өзіне бағытталған идеяны зерттейтін 
ғылым. 
Екінші - табиғат философиясы. Ол - өзінің өзгеше болмысындағы идеяны 
зерттейтін ғылым. 
Үшінші - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзіне оралып жатқан 
идея жөніндегі ғылым. 
Сонымен Гегельдің абсолюттік идеализм жүйесінің кабырғалары осылай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет