Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет248/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
285 
субъективтік құкы. Үшінші сатыда құқ пен моральдық саты өнегелікке, 
адамгершілікке айналады. Ол семьяда, азаматтық қоғамда, мемлекетте іске асады. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы - халықтар рухының дамуымен 
тең. Бірақ ол - тек қана объективтік рухтың өзіндік санасы ғана. Шынайы өмірде 
адамдар өз алдына әртүрлі мақсаттар қойып, соған жетуге тырысса да, нәтижесінде 
басқаша бір биік, алыстағы, өздері түсіне алмайтын нәрсенің атқарушыларына ғана 
айналады. Оны Гегель «дүниежүзілік рухтың қулығы» дейді. Сонымен Гегельдің 
философиясында адамдар мен халықтар -дүниежүзілік рухтың пайдаланатын құралы 
ғана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол - жер бетінде идеалдық мемлекетті орнату. 
Енді объективтік рух өзінің абсолюттік сатысына көтеріледі. 
Тарихи абсолюттік идея өзінің абсолюттік рух сатысына көтерілген кезінде, өзін-
өзі түбегейлі танып-біліп, қанағаттанады. Өнер саласында ол өзінің толық еріктігін 
сезінеді, дінде өзін маркабатты түрде кабылдайды, ал философияда өзінің мәнін
категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсініп, таниды. Олай болса, философия діннен 
жоғары, өйткені діндегі кабылдау философиядағы ұғымнан төмен. Сонымен 
философиямен рухтың дамуы бітеді, өйткені ол өзін-өзі түсініп тынышталады. 
Бізді бүгінгі таңда Гегельдің жасаған философиялық жүйесі қанағаттандырмауы 
мүмкін. Алайда осы жүйені жасау жолында ол көне заманда негізі қаланған 
диалектикалық ілімді пайдаланып, бүкіл табиғат, тарих және рухани өмірді белгілі бір 
процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгеріс, қайта құрылу, даму ретінде карап, олардың 
ішкі қайшылықтары мен байланыстарын зерттеді. Ал мұның өзі диалектика ілімін 
жаңа сатыға кетеріп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негізінен 
алғанда, Гегельдің философия саласындағы қалдырған өшпес ізін көп ғалымдар 
осыдан көреді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болады. 
Гегельдің ойынша, диалектика шынайы танымның ішкі қозғаушы күші, ол 
қайсыбір ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілікті енгізеді, соның 
арқасында білім теориялық сатыға көтеріледі. Гегельдің өшпес еңбегі - ол 
диалектикалық тұрғыдан бүкіл философия саласында қорытылған ұғымдарды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет