Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет244/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
281 
философияға қарай ауытқып, «аян философиясьның» жолына түсті. Шеллингтің 
замандастарыньвд көбі оның бұл ауытқуын теріс қабылдап, жас кезінде даңққа, сыйға 
бөленген философ қартайған шағында жалғыздықтың, ұмыт қалудың да қасіретін 
басынан өткізді. 
Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында әрі қарай өз 
өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы философтардың ой-өрісінің 
қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақтағы тақырыптардан көретін 
боламыз. Шеллингтің философия тарихында өз орны бар және ол адамзат есінде мәңгі 
қалады да деген ойдамыз. 
§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы 
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) Германияның Штутгарт 
қаласында лауазымы биік шен иесінің отбасында дүниеге келген. Гимназияны үздік 
бітіріп, 1788-1793 жж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап 
Иена университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды. 
Негізгі еңбектері: «Рухтың феноменологиясы (құбылысы)», «Логика 
ғылымы», 
«Философиялық 
ғылымдардың 
энциклопедиясы», 
«Құқ 
философиясы», «Эстетикаға арналған лекциялар» т.с.с. 
Өзінің философиялық жүйесін жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың 
теңдігінен бастайды. Ал онда оның Шеллингтін философиясынан айырмашылығы неде 
деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей, 
Абсолюттің ойлау мен болмысының тепе-теңдігін мойындады. Бірак сол тепе-
теңдіктен шығудың қайнар көзін ол белгісіз бір құдіретті күштен көреді де, оны тек 
қана эзотерикалық (құпия) жолмен ссзінуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол 
сол ойлау мен болмыстың теңдігін ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық 
ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара ішкі диалектикасын ұғымдык 
(категориялық) деңгейде түсінуге болатынын айтады. 
Екіншіден, Гегель Абсолютті дамып жатқан субстанция ретінде қарап, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет