Нуржігіт Алтынбеков 301
Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өміріндегі капиталистік қатынастардың
аса қатыгездігін көрді. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген
зерттеуінде қарапайым жұмысшылардың өмірінің асқан киыншылықтарын ашық та
айқын көрсетіп, сол кездегі қоғамдық пікірге зор әсерін тигізді. Олардың ойынша,
мұндай жағдай ішкі терең қайшылықтардың негізінде өзгеруге тиіс. Егер Гегель
қоғамдағы диалектикалық өзгерістің бәрін ұлттық іс-қимылдан көрсе, Маркс оны
әлеуметтік таптан көреді. XIX ғасырдағы көп ойшылдар сиякты, олар қоғамның
прогрессивтік ерлеуіне кәміл сенеді, ал ол - жарқын болашаққа жеткізетін негізгі күш -
пролетариат, жұмысшы табы. Өйткені олар қоғамға керек негізгі материалдық
қажеттіктерді өндіреді, сандық жағынан алып қарағанда, әлеуметтік топтардың ең
көлемдісі, сонымен қатар олар жекеменшіктің шырмауына байланбаған әлеуметтік
әділеттілікті жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жылдар бойы созылған
цивилизацияның қозғаушы күшін ойшылдар шығармашылық аз топ - ой еңбегімен
айналысатын интеллигенциядан көрсе, Маркстің жоғарыда келтірілген пікірі өзінің
кенеттігімен сол кездегі қоғамды дүр сілкіндірді. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар
сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бірак осы кезде өмір
сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстің идеяларына қарсы
шығып, олар өмірге енсе, онда дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнің келетінін
болжаған болатын. Тарих соңғы болжамның растығын дәлелдеді.
Бұл оқулық құралда біз марксизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына, социализм
және коммунизм мәселелеріне толығынан тоқталып, талдамаймыз. Алайда айтып
кететін бір нәрсе – ол қазіргі дамыған елдердін көбіндегі әлеуметтіліктін жыл өткен
сайын алатын орнының өсуінде. Ал социализм ұғымының ең жалпы алғандағы
мағынасы - әлеуметтілік. Дамыған елдерде жұмыссыздықты жоюға, ақысыз білім
беруге, денсаулықты сактауға, мүгедектерге көмектесуге т.с.с. арнаулы әлеуметтік
бағдарламалар жасалып, іске қосылуда. Ал бұлардың өзі Маркстің жасаған
болжамын дәлелдегендей. Бірақ олар таптық күрес, революцияның, озбырлықтың,
қантөгістің негізінде емес, сол коғамның іштей зволюциялық жолмен бірте-бірте