Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет266/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
305 
Гегельдің панлогистік көзқарасын сынаудан бастады. 
Кьеркогердің ойына қарағанда, Гегельдің философиясы ақыл-ойға негізделген, 
онда бүкіл дүниенің шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам 
абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдің болмыс пен 
ойлаудың тепе-теңдігі жөніндегі негіздемесіне қарсы шығады, өйткені ол 
болмыстың не екенін бізге түсіндірмейді, сондықтан ол - «абстракциялык құбыжық» 
қана. Философияның негізгі пәніне, сондықтан тек кана жеке адамның өмір сүруі, 
онын кайғысы мен куанышы, үрейі мен зардабы, өз-өзінің рухына үңілуі т.с.с. жатуы 
керек. Соңынан мұндай көзкарастардың негізінде XX ғ. экзистенциализм философиясы 
пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде, біз Кьеркогердің идеяларына кайтып 
ораламыз. 
Рационализм бағытына қарсы шықкан екінші философ А.Шопенгауер болды. Оның 
ойынша, дүниенің негізінде материя, я болмаса сана, рух жатыр деген көзқарастар - 
жалған пікірлер. Философияның тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған іс-
әрекеттер - оны ғылыми дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс - оны үлкен 
дағдарысқа әкеліп соқты. Шынына келгенде, философия - ғылым емес, ол өнердің бір 
түрі. Өйткені дүниенің негізінде жатқан нәрсе — ол ессіз, бейсаналық әлемдік ерік. 
Енді, міне, Шопенгауердін философиясына толығынан токталуға мүмкіндік келді, 
екінші жағынан, ойшылдың көп идеялары бүгінгі дағдарыстағы қоғамдағы 
адамдардың сана-сезімінде біршама қызығушылық тудырып отырғаны кұпия емес. 
§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі 
Артур Шопенгауер (1788-1860 жж.) Данциг қаласында бай саудагердің 
отбасында дүниеге келеді. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялык білім 
алады. Негізгі еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде» деген атпен 1844 ж. жарық 
көреді. Берлин университетінде 1819 ж. оқыған лекциялары ешкімді қызықтырмайды. 
Сондыктан ол өмір бойы әкесінен қалған капиталдың жылдык пайыздарын жұмсап




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет