Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет265/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
303 
философиямен Батыс Еуропа топырағында пайда болған акыл-ойға негізделген 
(рационалдык) философияға қанағаттанбаушылык, оның орнына неше түрлі 
бейклассикалық ой-пікірлерді дүниеге әкеледі. Енді соларды талдауға көшейік. 
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 
1. Маркстік философияның негізгі қағидасы қандай? 
2. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну дегеніміз не? 
3. Марксизмдегі «қоғамдық болмыс» пен «қоғамдык сана» ұғымдарын 
салыстырыңыз. 
4. Маркстік философия таным мәселесіне қандай жаңалыктар енгізді? 
5. К.Маркс дамудың кайнар көзін неден іздейді? 
6. Әлеуметтік мәселелерді таптық тұрғыдан қарау қандай салдарларға әкелуі 
мүмкін? 
7. К.Маркстің қоғамды формациялық жолмен талдауы дұрыс па? 
8. Марксизмдегі адам мәселесінің ерекшеліктері. 
9. Маркстің коммунизм теориясын сынай аласыз ба? 
10. Марксизмнің гуманистік-адамгершілік жақтарын көрсетіңіз. 
Рефераттар тақырыптары: 
1. Маркстік философиядағы материалистік көзқарастың ерекшеліктері. 
2. Диалектика және коммунизм идеясы. 
3. Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы». 
4. К.Маркстің қоғамдык-экономикалық формация теориясы. 
5XX ғ. марксизмнің тағдыры 
 
 
 


Нуржігіт Алтынбеков 
304 
 
IX тарау. XIX ғ. мәдениетіндегі бейклассикалық философия 
Сонымен жоғарыдағы тарауларда көрсеткеніміздей, XVIII ғ. бастап, Батыс 
философиясында рационализм бағыты өзінің кемеліне келіп, философияның негізгі 
іргетасына айналады. Бір қарағандағы материализм мен идеализм бағыттарының 
арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан, осы екі негізгі ағымының 
негіздерінде адамның ақыл-ойына деген сенүшілік, адамзаттың болашақ өрлеуіне 
күмән келтірмеушілік, ал маркстік философияны алар болсак, онда тіпті ақыл-ойдың 
негізінде болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзат тек жағалай ортаны күрт 
өзгертіп қана қоймай, сол іс-әрекеттің негізінде адамның өзінің табиғаты 
өзгеретіндігіне сену байқалды. 
Бірақ сол кездегі өмірдегі қоғамдык катынастар мұндай оптимистік 
өміршеңдік көзқарастарға бірте-бірте күмәндануды туғызды. Біріншіден, күннің 
жарык сәулесінің шығуын асыға күткендей сияқты шаттықпен қарсы алынған ұлы 
француз революциясы үлкен төңкерістерге ғана әкеліп қоймай, сонымен бірге зор 
қантөгіс, зорлық-зомбылыққа ұласып, одан күткен үміттерді жоққа шығарды. 1848-49 
жж. біршама Европа елдерін дүр сілкіндірген буржуазиялық-демократиялық
революциялар да олардан күткен үмітті ақтамады, ал 1871 ж. Париж 
коммунасының тәжірибесі марксизмнің «жұмысшы табы диктатурасының
кажеттігі» жөніндегі идеяларды тудырып, көп ойшылдардың жалпы ағарту, 
адамзаттың өрлеуіне деген көзқарастан, ақыл-ойдың құдіретті күшіне сенуден бас 
тартып, олардан түңілуіне әкеліп соқты. 
Осы көрсетілген және басқа себептер рационализм ағымына, яғни жалпы 
классикалық философияға, дискурсивтік (discursus -латын сөзі, ақыл-ойға, қисынға 
негізделген тұжырымдар) ойлау әдісіне деген теріс пікірлерді оятып, оларға қарсы 
бағытталған философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көшті бастаған неміс 
философы А.Шопенгауер мен Дания ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуі де 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет