Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет271/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
310 
оқырман жақсы біледі. Бірақ бул трагедиядан адамзат сабак алды ма? Өкінішке 
қарай, «Жоқ», деп жауап беруге тура келеді, өйткені бүгінгі таңда байлығымен 
масаттанған біршама Батыс елдерінде ұлтшылдық қозғалыстар тағы да бой көтеріп, 
басқа елдерден келген адамдарға қысымшылық жасалуда. Расында да, Шопенгауер 
айтқандай, тарихтағы трагикалық қателіктер тағысынтағы қайталана береді!!! 
Адамзаттың моральдык-адамгершілік тоқырауына қарап, оның аспанға, тазалыққа 
тартатын рухынан гөрі, дене қажеттіктері, күңгірт инстинктері, ләззат алуға деген 
еркі басым ба деген ой келеді. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердің 
қозғаған көп мәселелерінің бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетеді. 
Сонымен қатар Шопенгауердің «ғарыштық пессимизміне» толығынан қосылуға 
болмайды. Әсіресе оның философиясының негізінде жатқан кағидасына. Расында да, 
егер бұл Дүниені тудырған бейсаналық ессіз Ерік болатын болса, онда бүл дүниенің 
неге заңдылықтары, қисыны, тәртібі бар? Егер адамдар осы орасан зор шексіз 
ғарыштың туындысы болса, олар өз көлемі мұхиттың ішіндегі бір тамшыдай бола 
тұрып, оны қалайша тарата алады? Мұндай сұрактардың санын әлде де көбейте беруге 
болар еді. Ал олардың бәрі де Шопенгауердің философиясының негізінде жатқан 
кағидалардың әлсіздігін, жалғандығын көрсетеді. 
Ал енді адам тағдыры мен өміріне келер болсақ, әрине, Homo Sapiens - ғарыштың 
ғажап туындысы, «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» тудырған ең әсем гүлі, ол адам 
арқылы өз-өзін сезініп, түсіну дәрежесіне көтеріледі. Бұкіл Дүниені шырмап жаткан 
қайшылықтар адам жүрегінен де өтеді. Бұл Дүниеге келген адам өз өмірінің 
шеңберінде жақсылық пен жамандықтың да дәмін татады, көпшілік жағдайда, өкінішке 
қарай, зардаптың салмағы бақытты өмірден гөрі басымырақ болады, әсіресе бүгінгі 
жағдайдағы сияқты өтпелі дәуірлерде өмір салты, рухани құндылықтар кайта 
қаралып жатқан кезде көп қиындыктарды бастан өткізуге тура келеді. Ал бұлардың 
өзі, Шопенгауердің айтканындай, өмірден бас тартуға әкелуі керек пе?! Әрине, жок. 
Есі дұрыс адам өмірді бағалап, оның кызығына тоймайды, ол - бізге берілген ең 
кұнды, бағасы жоқ сый. Өмірдегі зұлымдықтың түп-тамыры толыққанды өмірге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет